Сайтқа кіру Тіркелу

Математика курсын оқытудағы пәнаралық қатынастар

Педагогикалық сөздікте пәнаралық қатынас түсінігін оқулық бағдарламаның өзара келісімі деп анқтаған. Пәнаралық қатынастар оқушылардың білімін жүйелендіруге көмек жасап және оларды нақты әлемнің толық жағындағы диалектиканың өзара байланыс құбылысын танып білуге қалыптастырады.

Бейнелеу өнері сабағында пәнаралық байланыстың маңызы үлкен

Шалмагамбетова Гаухар Мейрамовна
Жезқазған қаласының жалпы білім беретін
№10 орта мектебінің бірінші санатты бейнелеу өнері,
сызу және технология пәнінің мұғалімі

Қазақстандағы қоғам дамуының қажеттілігі, әлеуметтік-экономикалық және саясы өзгерістер отандық білім беру жүйесінің, оқу орындарындағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру әдіснамасы мен технологиясының түбегейлі қайта құрылуын талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына жолдауында «.ғаламдану жағдайында қазақстандықтардың интеллектуалдық қабілеттері біздің жоспарларымыздың негізгі факторлары болып табылады», ал кез келген «ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады» деп атап көрсетеді.

Бұл стратегиялық міндеттің ойдағыдай жүзеге асырылуы отандық білім беру жүйесінің жетілдіруін талап етеді, өйткені мемлекетіміздің кемелденуі жас ұрпақтың алатын білімінің деңгейіне тікелей байланысты. Осы аспектіде жалпы білім беретін мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінде қазіргі оқушыларды, оның ішінде жасөспірімдік шақ кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін пәнаралық байланыстың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы, әсіресе өнер түрлерімен өзара байланыста дамыту үлкен маңызға ие бола түседі.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×