Пайғамбар миғраждан үмбетіне тоғыз қасиетті зат әкеліпті. Олар: жастық, жайнамаз, бөрік, шапан, орамал, намаз, дастархан, Құран, сәлемдесу үлгісі екен.
Өкіл әке (ер), өкіл шеше (әйел) – жас келін басқа жерге түскеннен кейін өз әке - шешесін сағынады, мұңаяды. Жаныда бұынғыдай жақын - жуық, достары да жоқ.
Үме /салт/. «Үмеге келген үндемей қалмайды». /Мақал/. Үлкен, ауыр, көлемді жұмыстарды ауыл, ру адамдары «бір жеңнен қол шығарып», бас қосып, көпшілік болып, бірігіп атқарады
Қолды жумай тамақ жеуге болмайды. Тамақ жеудің алдында және соңында қонақтардың қолына жылы су құйылады. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады. Қол жуғанда қолдың әрбір саусағын жеке - жеке жуады.
Ертеде Сырлыбек деген кісінің үйіне қонақ түседі. Ол ит - құстың тілін біледі екен. Қонақ үйде отырып сырттан ұлыған қасқырдың даусын естиді. Оған ит арпылдап үреді.
Тәңірі тағала Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлықты жаратып, жер бетіне жібереді. Олар өте ажарлы, сұлу болған екен. Бір - бірін ұнатып қалады. Тәңірісі екеуіне: – Некелерің қиылмай, бір - біріңе қосылмаңдар! – деп ескертеді.