Туыстық атаулар сыры
Жеке атаулар мен іліктік сөздер
Сәби (бала) – 1 - 5 жас аралығындағы әлі ес білмейтін балаларды сәби дейді. Сәби – өмірдің гүлі, көз сүйініші әрі әке - шеше дәнекері. Жас баланың – сәбидің жұпар иісі – көңілдің хошы, жанды жадыратар нұрмен тең. Сөзі – бал, қылығы – қуаныш, сүйсең – шәрбат. Сәбиге жұмақ есігі ашық, о дүниеде ата - ана қорғанышы, арашашысы және жеңілдік әперуші періште тектес пәк жаратылыс тобына жатады.
Әбден қартайған қарттар мен қариялар да сәби тобына қосылады.
Сәбиді періште қорғайды.
Бала ханнан үлкен,
Ашамай нардан үлкен.
Бала тілі – бал.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Туыстық атаулар сыры: сәби
- ramuk_b
- 19 сәуір 2021
- 1755
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сәби, жас бала, 1-5 жас аралығындағы әлі ес білмейтін балалар
Ұқсас жаңалықтар:
Туыстық атаулар сыры: Жезде
Жезде (ер) – әйелдің інілері мен сіңілілері оның күйеуін «жезде» деп еркелетеді, әзілдеседі. Олар тату болады. Дәстүр бойынша балдыздары жезденің...Туыстық атаулар сыры: жиеншар
Жиеншар (ер, әйел) – жиеннен туған бала. Ол да әкесі сияқты жиендік ғұрыпты жалғастырады....Туыстық атаулар сыры: Бөлелер
Бөле (ер, әйел) – апалы - сіңілі қыздардың баласы бір - біріне «бөле» болады. Нағашы жұрт арқылы жалғасатын ілік қатарына жатады, бөтенге саналмайды....Туыстық атаулар сыры
Әлбетте, қазақ халқының тек тану дәстүрі бойынша әр азаматтың үш жұрты болады. Ол ағайын, яғни өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты....Туыстық атаулар сыры
Ана (әйел) – өзіңді өмірге әкеліп, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүт берген аяулы адамың. Әр ұл мен қыз ата - анаға мәңгі қарыздар....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.