Сайтқа кіру Тіркелу

Салт - дәстүр сөйлейді: Тұсау кесу

Салт - дәстүр сөйлейді: Тұсау кесу
Тәңірі тағала Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлықты жаратып, жер бетіне жібереді. Олар өте ажарлы, сұлу болған екен. Бір - бірін ұнатып қалады. Тәңірісі екеуіне:
– Некелерің қиылмай, бір - біріңе қосылмаңдар! – деп ескертеді.
Бір күні екеуі шыдай алмай, бір - біріне қосылып қояды. Дүниедегі ең алғашқы зинақорлық осыдан басталыпты. Діни аңыздарда қиямет - қайымда зинақор адамдар Әбілет пен Тәбілеттің қауымында тіріледі екен деседі. Некесіз қатынастан дүниеге Ібіліс келеді.
Адам ата мен Хауа ананы жер бетіне жіберер кезде Ұлық Алла оларға да ескертіп:
– Некелерің қиылмай қосылмаңдар! – дейді. Адам ата мен Хауа ана: «Мақұл!» – деп уәде береді. Бірақ, ол заманда Ібіліс малғұн атанып, оларды азғырып, тура жолдан тайдыруға серт берген кезі екен. Жаппар Хақ Жебірейілге:
– Адам мен Хауаның аяғын тұсаула! Жерге табаны тиген соң, тұсауларын кес! Ібілістің азғыруына еріп, тура жолдан таймасын! – дейді. Жебірейіл олардың аяғын көк шөппен байлаған екен.
Жерге түскен соң тұсауларын кеседі. Некелерін қияды.
Кейін бұл оқиға дәстүрге айналады. Содан бастап жаңа туған баланың табаны жерге тиер кезде тұсауын кесіп, күрмеуін шешеді екен. «Баламыз алғаш қара жерге қадам басты, тура жолдан таймасын» деп ырымдайды. Тұсауы кесілмеген сәбидің иманы әлсіз болады деген де түсінік бар.
Тұсау кесер кезде Адам ата мен Хауа ананың арасы жеті қадам болған екен. Жебірейіл Адамды жеті қадам жүргізіп барып, Хауаға қосады. Осыған орай сәбидің тұсауын кесуші адам оны жеті қадам жүргізіп барып кесу салты сақталыпты.
Баланың тұсауын көк шөппен, малдың тоқ ішегімен, ала жіппен кеседі. Ала жіппен кесерде өзгенің «ала жібін аттамасын», яғни «біреудің дүниесіне көзін тікпесін, қолын сұқпасын» деп ырымдайды. Тоқ ішікті байлағанда «бай болсын, дәулетті болсын» деп тілек тілейді. Бұл жерде тұсауды өткір пышақпен, жүзін көкке қаратып кесу дәстүрге енген.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бетіңді баспа

Бетіңді баспа

Әбілет пен Тәбілет зина жасағаннан кейін күнәнің оты жүректерін өртепті. Алланың дидарына қараудан мақұрым қалғанын ұғыпты....
Сақалымды сипама

Сақалымды сипама

Алла тағала ең алғаш жер бетіне иелік ету Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлықты жібереді. Оларға қақ тастан үй салып беріп: Сендерді жер бетіне...
Ашына атауы

Ашына атауы

Әбілет пен Тәбілеттің алғаш туған баласы Ібіліс екен. Онан кейін Ашына деген қызды туыпты. Артынша Дию мен Жын деген егіз баласы дүниеге келіпті...
Тұсаукесер тойы қалай өткізіледі?

Тұсаукесер тойы қалай өткізіледі?

«Қазақ халқы баланың тұсауын да, көшкенде жүк артатын арқанның бірі – қом арқанды да, бесіктің ұзын қолбауын да, түндіктің бауларын да ала жіппен...
Тұсау кесу. Тұсау кесу салт дәстүрі

Тұсау кесу. Тұсау кесу салт дәстүрі

Халықтық түсінік бойынша, тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады. Тұсаукесер тойы да сүндет той секілді әрбір қазақ шаңырағында ерекше дайындықпен...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×