Салт - дәстүр сөйлейді: Сәлемдесу үлгісі
Пайғамбар миғраждан үмбетіне тоғыз қасиетті зат әкеліпті. Олар: жастық, жайнамаз, бөрік, шапан, орамал, намаз, дастархан, Құран, сәлемдесу үлгісі екен.
Пайғамбар миғражға көтерілгенде алдынан періштелер шығып:
– Ассалаумалейкум, әлемнің рақымы! – деп сәлем береді.
– Уалейкүмсалам! – деп жауап береді. Мұндағы «Ассалаумалейкум» сөзі «Алланың нұры жаусын, бар жақсылықты нәсіп етсін» деген мағынаны береді. «Уалейкүмсалам!» – деп сәлемін қабыл алғанда, «Саған да Алланың сәлемі мен игілігі болсын» деген тілек айтылады.
Тәңірісі миғражда пайғамбарға:
– Үмбетіңе сәлемді парыз етемін! Бір - біріне сәлем берсін! Кім көп сәлем берсе, менің нұрым мен рақметіме бөленеді! – дейді. Пайғамбар миғраждан келген соң, үмбетіне Алланың сөзін жеткізіпті.
Екінші бір аңыздарда Ібіліс жаңадан жолыққан екі адамның арасына от салуға дайын тұрады екен. Олар: «Ассалаумалейкум!» – деп сәлемдессе, Ібілістің жоспары күйрейді екен.
Әлімсақта Алла Адам атаға:
– Періштелерге «Ассалаумалейкум!» деп сәлем бер! – дейді. Адам ата оларға сәлем береді. Періштелер:
– Уалейкүмсалам, Алланың халифасы! – деп сәлемін қабыл алады. Сол кезде Тәңірден әуез келіп:
– Әй, Адам, бұдан былай сәлем беру ұрпағыңа үлгі болсын! – дейді.
Адам ата мен періштелердің алғашқы сәлемдесуі адамзатқа өнеге, дәстүр болып орныққан екен.
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» деген естелік кітабында сәлем беру дәстүрі жайлы былай деп жазады:
«... Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жанбастай жайғасып, баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастархан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да, құлағыма: «Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?» – деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассалаумалейкум, аталар!» – деп әр сөзімді қадап - қадап айттым. Бұған, әрине, бәрі күлісіп жатыр. Әйткенмен, мені араз етіп алмау үшін бәрі де бірауыздан: «Уалейкүмсалам!» – десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтады. Жақсы сөзге мәз болып мен әкемнің тізесін ала жайғастым. Ол басымнан сипап отырып:
– «Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді», – дейтін».
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Салт - дәстүр сөйлейді: Сәлемдесу үлгісі
- ramuk_b
- 2 ақпан 2022
- 1102
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сәлемдесу үлгісі, сәлем беру, сәлем бере білейік, Пайғамбар өсиеті
Ұқсас жаңалықтар:

Деген екен
Ақан сері ел аралап жүріп атақты Мейрам болыстың үйіне түседі. Кіріп келіп сәлем бергенде, Мейрам болыс орнынан ұшып тұрып: – Қарауылдың саңлақ...
Құмырсқаға тиіспе
Қазақ халқы құмырсқаға құрметпен қарайтын болғандықтан, оны жөнсіз өлтіруге болмайды деп санайды. Себебі құмырсқа діни аңыздарда Нұх пайғамбардың...
Бетіңді баспа
Әбілет пен Тәбілет зина жасағаннан кейін күнәнің оты жүректерін өртепті. Алланың дидарына қараудан мақұрым қалғанын ұғыпты....
Сақалымды сипама
Алла тағала ең алғаш жер бетіне иелік ету Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлықты жібереді. Оларға қақ тастан үй салып беріп: Сендерді жер бетіне...
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Тақырыбы: Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.