Туыстық атаулар сыры
Келін (әйел) – інінің әйелі «келін» деп аталады. Бала мен немеренің әйелі «келін бала» болады. Бүкіл ауылдағы жолы кіші адам да осы келін. Дәстүр бойынша ол кездескенде өзінің күйеуінен үлкендердің бәріне де орнынан тұрып, иіліп сәлем жасауға тиіс және төменгі орынға отырады. Ата, қайынағалары отырған жерге кірмейді. Мұндай жасты ел «ибалы», «әдепті» келін деп жақсы көрген. Жаңа түскен келінді бөтенсітпей құрметтеп, сыйлап, жаңа ортаға тарта білуі, тәрбиелеуі керек. Қателігіне кешіріммен қараған жөн. Қатты сөз айтып, жекуге мүлде болмайды. Ата - ене оған жылы сөйлеген жөн. Қазақ халқы «жақсы үйге түскен келін – келін, жаман үйге түскен келін – келсап» деп мақалдаған. Бұрын жаңа түскен келін бір жылға дейін өз үйіне баруға рұқсат етілмеген. Мұның тәрибелік, халықтық мәні бар. «Келіннің – аяғынан, қойшының – таяғынан» деген ырым да келін үшін үлкен сын.
Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
Келелі сөзді келін де айтады.
Келіннің бетін кім ашса – сол ыстық.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Туыстық атаулар сыры: келін
- ramuk_b
- 5 қыркүйек 2021
- 1056
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Туыстық атаулар сыры, келін, келін туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Туыстық атаулар сыры: Жезде
Жезде (ер) – әйелдің інілері мен сіңілілері оның күйеуін «жезде» деп еркелетеді, әзілдеседі. Олар тату болады. Дәстүр бойынша балдыздары жезденің...Құттық
«Құттық» /дәстүр/. Келін түсіріп, құдағи, құдашаларын аулына аттандырған келін атасына ауылдың оң жақта отырған бойжеткендері келіп «құтты болсын»...Келін туралы мақал-мәтелдер
Әдепті келін - ауылдың көркі Келінді келін демесең, Жақсы болса өз қызың. Күйеуді күйеу демесең, Жақсы болса өз ұлың....Келін мен ене туралы
Бұрынғы өткен заманда Қытайда Лили атты бір қыз тұрмысқа шығып, күйеуі, енесі үшеуі бір үйде өмір сүре бастапты....Келін түсіру салты
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Тассуат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмабаева Сайранкүл Серікқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.