Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның, Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!
Тек қарынның байлығына сенген елдiң соры бар, Көне тарих сабақтары бiзге мойын бұрғандай. Отырарды ғаламда жоқ жазба кiтап қоры бар, Өткен заман елестерi әлi қоршап тұрғандай.