Тек қарынның байлығына сенген елдiң соры бар,
Көне тарих сабақтары бiзге мойын бұрғандай.
Отырарды ғаламда жоқ жазба кiтап қоры бар,
Өткен заман елестерi әлi қоршап тұрғандай.
Қайырмасы:
Көзсiз зорлық ғасырынан,
Надандықтың тасырынан,
Жер астына жасырылған
Дара тұлға бабалардың ұшқыр ойы, санасы.
Ұяттыны толғандырған,
Қанаттыны заңғар қылған,
Күллi әлемдi таң қалдырған,
Рухыңмен қолда бiздi
Отырардың ұлы кiтапханасы!
Өмiрiмiз күнде күрес, қайшылығы тiптен көп,
Неге төмен қиратқыштан мейiрбанның атағы?
Шыңғыс ханның iзгiлiкке шабуылы бiткен жоқ,
Зұлымдықты мадақтау да зұлымдыққа жатады.
Қайда барсаң жеке мүдде жеңiсi үшiн алқыну,
Таптыра ма құмға сiңген зор парасат дастаны?
Басты мақсат - Фарабилер биiгiне талпыну,
Рухы жоқ бiлiмдiден қоғам шаршай бастады.
Отырар кітапханасы
- ramuk_b
- 2 қараша 2018
- 1900
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Отырар кітапханасы өлеңі, Мұхтар Шаханов өлеңдері, Мұхтар шаханов
Ұқсас жаңалықтар:
Заман
Жақсысы атылған заман, Жаманы сатылған заман. Еркегі қатыннан жаман, Қатыны шатылған заман....Қыз мұңы
Жүрегiмде қандай мұңым жатты екен? Деме менi тұрақсыз. Болар едiм, әттең, саған тәттi өлең, Махаббатта болмайды екен сынақсыз....Отырар қаһармандығы немесе жеңiлген жеңiмпаз туралы дастан
– Даңқың қайда төске өрлеген? Екi жүз мың әскерменен Алты ай бойы кiп-кiшкентай Отырарды ала алмау, Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау –...«Қайсар рухты ақын» Мұхтар Шаханов 73 жаста
Қызылорда қаласы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылы, №147 орта мектеп Джусупова Сымбат...Мұхтар Шаханов «Отырар» дастаны немесе «Туады ерлер ел үшін»
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы Бестерек орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Хазез Алтынгуль...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.