Жал, құйрығы қаба деп
Жабыдан айғыр салмаңыз
Қалың малы арзан деп,
Жаман қатын алмаңыз.
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат тумас.
Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер ұл тумас,
Жаман қатын алғаның-
Төркініне бере алмай,
Төсегіне жата алмай,
Тең құрбысы келгені
Оңды жауап қата алмай,
Жалғанда қор болғаның.
Таудан асқан тас бұлақ ,
Қазса құйыр теңізге,
Қанша малы көп болса,
Бай қуанар егізге.
Жаманнан жақсы туса,
Жақсыдан жаман туса,
Тарпай қоймас негізге.
Жал, құйрығы қаба деп
- ramuk_b
- 5 қараша 2018
- 2241
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жал, құйрығы қаба деп өлеңі, Бұқар жырау өлеңдері, Бұқар жырау
Ұқсас жаңалықтар:

Ұл, қыз туралы ұлағатты сөздер
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман. Атадан өнеге алмаған ұл жаман. Қорқыт ата...
Бұл дүниенің мысалы
Бұл дүниенің мысалы Ұшып өткен құспен тең. Өмірде көрген жақсылық Ұйықтап өткен түспен тең....
Жігіт, жолдас, адам, жол туралы мақал-мәтелдер
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз. Бітісі жаман қамысты, су ішінен өрт шалар, Туысы аман жігітті, түйе үстінен ит қабар....
Төріңде жатып салмақтан
Ай, Абылай, Абылай! Қатын алма қарадан, Қара тумас сарадан. Қатын алсаң қарадан,...
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету. жақсы, жаман туралы түсінік беру;...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.