Ай, Абылай сен он бір жасыңда
Тұрымтайдай ұл едің.
Он бес жасқа келгенде,
Арқада Әбілмәмбет төренің
Түйесін баққан құл едің.
Абылай атың жоқ еді,
Сабалақ атпен жүр едің.
Оны да көрген жерім бар,
Жаныс Қарабайбайдың қолында
Түнде туған ұл едің.
Жиырма беске келгенде,
Бақыт берді басыңа,
Тақыт берді астыңа:
Отыз жасқа келгенде,
Дүниеге кең едің:
Отыз беске келгенде,
Қара судың бетінде
Шайқалып аққан сең едің;
Қырық жасқа келгенде,
Алтын тонның жеңі едің;
Қырық беске келгенде,
Жақсы - жаман демедің;
Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезеңге тіредің;
Елу бес жасқа келгенде,
Жақсы болсаң толарсың,
Жаман болсаң маужырап барып соларсың;
Алпыс бес жасқа келгенде,
Әрбір атқа қонарсың;
Жұмсасаң бала тіл алмай,
Қатының қарсы шауып ұялмай,
Әрнешек күнің сол болар,
Еңкейтіп орақ орарға
Тоңқайып масақ терерге.
Жетпіс жасқа келгенде,
Жетпіс деген жел екен,
Шала ауырып пір екен.
Жетпіс бес жасқа келгенде,
Жылуы болмай қойныңның,
Қаруы болмай сойылыңның,
Өлмесең де жойылдың,
Әр атаққа қойылдың.
Сексен деген сор екен,
Шындап ұрған пері екен;
Сексен бес жасқа келгенде,
Екі қара көзді алар,
Ауыздағы сөзді алар,
Бойыңдағы әлді алар,
Бетіңдегі нұрды алар,
Бойыңдағы шырды алар,
Ауызыңдағы тісті алар,
Қолыңдағы істі алар,
Өлмегенде не қалар?
Тоқсан бес деген тор екен,
Дәйім жаның қор екен,
Қарғиын десең екі жағы ор екен;
Найза бойы жар екен,
Түсіп кетсең түбіне,
Түбі терең көл екен,
Ел қонбайтын шөл екен,
Келмейтұғын неме екен.
Ай, Абылай сен он бір жасыңда
- ramuk_b
- 5 қараша 2018
- 2322
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ай, Абылай сен он бір жасыңда өлеңі, Бұқар жырау өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Он бес деген жасым-ай
Он бес деген жасым-ай, Жарға ойнаған лақтай. Жиырма деген жасым-ай, Көлге біткен құрақтай....Ай, Абылай, Абылай
Ай, Абылай, Абылай, Жеңбеген жауың қалмады-ау, Алмаған жерін аз қалды-ау....Әке
Әке, сенің жасыңнан асып барам. Кезі-кезі келгенде тасып та алам, Кезі-кезі келгенде жасып қалам, Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң....Тоқтыны ұстауға шамасы жетпегенде айтқаны
Бір жаста, екі жаста бесіктемін, Бес жаста тәңірім берген несіптемін. Алты жаста қайыңның тозындаймын, Жеті жаста ойпаң жер бозындаймын, Он жасымда...Кәрілік туралы мақал-мәтелдер
Сексенде сегіз байлық, Сегіз жарлылық. Шөп те басынан қурайды....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.