Әні Е.Хасанғалиевтікі
Өзің едің тірегім де,
Жыр боп тұндың жүрегімде.
Мені сендей түсінетін
Кім бар екен бұл өмірде?!
Күн туса да толқымалы,
Толқымалы, шалқымалы.
Сен ешқашан өзгертпедің
Пікіріңді мен туралы.
Әнін әнге жалғасын деп,
Келеді арман алға сүйреп.
Менің кемем өрге жүзсе,
Сен қуандың алғаш рет.
Астына алып қанатыңның,
Нұрын шаштың жан отыңның.
Мен мұңайған кезеңдерде
Қасымда ылғи сен отырдың.
Саған мәңгі борыштармын,
Көңіліме қоныстандың.
Азаматтық ажарыңа
Мақтау айтсам, намыстандың.
Жарқын құшақ жайған, айым,
Сеніміңе сай болайын.
Мен деп соққан жүрегіңнің
Дүрсілінен айналайын.
Айналайын
- ramuk_b
- 2 қараша 2018
- 1276
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Айналайын өлеңі, Мұхтар Шахановтың өлеңдері, Мұхтар Шаханов
Ұқсас жаңалықтар:
7 мамыр күніне арналған тақпақтар
Жете бер аңсап күткен тілегіңе, Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе. Отанның, ел - жұртыңның мақтаны бол, Алды бол қатарыңның бұл өмірде...Ана тілі-жүрек үні
Сабақ мақсаты: Оқушыларға ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беріп, анаға, тілге риясыз сүйіспеншілікпен қарауды...Сергей Есенинге
Әй, Сергей! Сергей, Сергей, Сергей, Сергей! Түстім-ау сергелдеңге мен де сендей. Аулаққа, тым аулаққа кеттім білем, Жаны ашып, ақыл берген елге...Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын
Мақсаты: Балаларға 8 наурыз халықаралық мерекесі екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге...Тәрбие сағаты "Айналайын, ана, мерекеңізбен!"
1-жүргізуші: Қуанышы баланың- Қуанышы ананың. 2-жүргізуші: Қуанышы ананың- Қуанышы баланың....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.