Әні автордікі
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!
Қайырмасы:
Арманыңның атын,
Жігеріңнің отын
Өшіре алмас асау желі уақыттың.
Егер кім қанша
Уайымсыз болса,
Нақ сол адам құнын білмес бақыттың.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Желтоқсан тағылымы
- ramuk_b
- 2 қараша 2018
- 1898
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Желтоқсан тағылымы өлеңі, Мұхтар Шахановтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан
Сабақтың мақсаты: 1. Тәуелсіздік күні туралы мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат...Тәуелсіздік тұғырым
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы, Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің, Ешқашанда...Желтоқсан тағлымы
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,...Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Құдиярова Зада...«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»
Салауатқызы Айдана 3 курс студенті «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.