Жұлдыз көп,
түн қойнында жымыңдаған.
Жымыңдап, сан тағдырдан сыр ұрлаған.
Мен - Күнмін,
Жүрегі нұр, тәні - Шуақ.
Сөнбейтін сәуле берген ғұмыр маған.
Жанымнан жылу сезсең,
шырайланған.
Мен емес,
күн кейпім ол - ұнай қалған.
Түнменен қабыспайтын тағдырымның.
Еншісін ертең менен сұрайды Аллам...
Жарыққа бөлесін деп бұл ғаламды.
Жүректі тәңір өзі нұрға малды.
Түн кейпін жатырқайтын болмысыммен,
Күн кешем,
ынтызар боп жырға мәңгі.
Жан бір күн кететіні анық болып,
Ғалам тұр,
Бар сырыма қанық болып.
Мен күн боп
сәуле шашып үлгерейін,
Ғұмыр кеш,
кеудемдегі жарық болып!
Толқын Қабылша
Жұлдыз көп, түн қойнында жымыңдаған
- ramuk_b
- 27 тамыз 2019
- 1046
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жұлдыз көп, түн қойнында жымыңдаған, Толқын Қабылша өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Маңдайға жазылмаған ғұмыр әні...
Маңдайға жазылмаған ғұмыр әні... Сезімнен кімдер, сірә бақыт құшқан? Күзетіп жын тығылған құмыраны Мысқылдап көз тігеді уақыт дұшпан....Бүгінгі түн...
Бүгінгі түн, көз ілдім бе, Білмедім.. Ғұмыр ма бұл сүргенім... Жанарымды жас буып жуып жаттыңыз.. Миығынан күліп тұрды түн керім Оянсам, құр...Таңғы сыр...
Тербетіп тәтті ой – арман. Нұрына таңның тамсанып, бүгін, оянғам Тамылжып тұрып, тәнті еткен таңның шапағы, Тәңірлік тылсым түстерге екен боялған....Бұл өмір...
Тұрады екен белдерден, қыраттардан. Армандардан, аңсатқан мұраттардан Тосылатын сан қилы сұрақтардан, Қимастығы қол бұлғап, жырақтардан, Құрбылар...Жоғалтқым келмейді екен
Жоғалтқым келмейді екен, жанымның шамшырағын. Сол жаннан қуат алған, сан үміт, сан шыдамым. Сәулесі ғұмыр төккен, күн сынды бір құдірет Нұрымен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.