Бүгінгі түн...
Бүгінгі түн, көз ілдім бе,
Білмедім..
Ғұмыр ма бұл сүргенім...
Жанарымды жас буып жуып жаттыңыз..
Миығынан күліп тұрды түн керім
Оянсам, құр сүлдерім..
Түс екенсіз..
өңім деуге, қия алман...
Күтер қандай сый алдан..
Жүрегіме құйыласыз жыр болып..
Сағынышқа сия алман..
Қайда жүрсіз..
Барсыз ба өзі, таба алман..
Жазмышым боп төгілесіз жанардан..
Өз өртіме өзім күйіп жатамын..
Өзегімде сан арман...
Сағымсыз ба..
Бағымсыз ба жырдағы
Сіз боп елес,
Түнгі ұйқымды ұрлады..
Сор да емессіз, жақынымсыз, жат емес
Әлдилейді қиялымның құндағы7
Ұғынамын..
Қасымдасыз.. жырақта..
Жүрегімнің ішінде де сұрақ бар..
Қуанышым... жұбатшы кеп өтінем..
Жанымды өзің, жылатта...
Дерт те емессіз..
сағынышсыз, қанбаймын..
Өн бойымды жаулап алған қандай мұң?
Жарығымсыз.. өшірмеңіз өртімді..
Сіз жоқ жерде, жанбаймын..
Өзімді өзім..
осылайша алдаймын..
Ессізбін бе,
естімін бе, қандаймын?
Әлденемді аяқасты жоғалтқан
Ең дәрменсіз жандаймын..
Сүйеді екем, мендік сезім құдірет..
Сертім осы, танбаймын..
Толқын Қабылша
Бүгінгі түн...
- ramuk_b
- 26 тамыз 2019
- 965
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бүгінгі түн, Бүгінгі түн өлеңі, Толқын Қабылша өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Түн бола алман!
Жалғыздығым жазмышындай көктемнің, Жанарымда жалғыз тамшы өткен күн. Жан сырымды жүзіңізге жасырып, Жалт еткен сәт,жарығыммен өбкенмін....Жүректе жатыр бар кінәм...
Шағала құстай, теңізді аңсап, шарқ ұрам. Сағыныш емес, Жанымды өрті шарпыған., Өкініш емес, өрт болып бойда өрілген, Өлеңді сүйген жүректе жатыр бар...Бiздер, сірә, бөтенбіз?
Іздемейсің, біздер, сірә, бөтенбіз?! Бәлкім, бәлкім, болдық іңкар бекер біз? Жапырағы желмен ұшып жоғалған, Қайда барып, паналайды екен күз?...Биге неге шақырмадың?
Бірінші рет сені тойда көріп ем, Күлімсіреп маған сәлем беріп ең. Неге екенін мен өзім де білмеймін, Орын алдың жүрегімнің төрінен, сәулетай....Онегиннің өлердегі сөзі
(А. С. Пушкиннен) Жарым жақсы киім киіп, Келді жанға жылы тиіп. Диуана болды бұл көңілім, Басылмай бір құшып, сүйіп....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.