Сайтқа кіру Тіркелу

Таңғы сыр...

Таңғы сыр...

Тербетіп тәтті ой – арман.
Нұрына таңның тамсанып, бүгін, оянғам
Тамылжып тұрып, тәнті еткен таңның шапағы,
Тәңірлік тылсым түстерге екен боялған.

Боялған десем, таңғалма...
Қылқалам болып тәңір тұр сонау заңғарда..
Келбетін күннің көкжиегіңе көшіріп..
Ұсынған үміт таңдарға...

Таңғалма жаным,
Осынау сырға ғажайып..
Мейірім біткен бара жатқанда азайып....
Жанарға тұнған жылулығымен тәңірдің,
Ғұмырлық өлең жазайық....

Жасқанба, күнім!
Жаныңның нұрын жасырып..
Таныта көрме асылық..
Адамның бәрін ақ ниетіңмен сүй дейтін..
Аллаға жүрші бас ұрып..

Ғұмыр есімді...
ғаламат мынау түндіктен..
Сығалап тұр ғой, сәулесін шашып нұр біткен..
Азан үнімен тәңірдің салған тәтті әнін
Тағатсыздана түн күткен...

Ұсынатындай таң көрік...
Тәңірдің нұры..
Тамылжи түссін ән болып..
Жаратқан ием жарылқап жатыр жер жүзін
Жақсылықтарға жан беріп...

Толқын Қабылша
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×