Жоғалтқым келмейді екен
Жоғалтқым келмейді екен,
жанымның шамшырағын.
Сол жаннан қуат алған, сан үміт, сан шыдамым.
Сәулесі ғұмыр төккен, күн сынды бір құдірет
Нұрымен оятады, мендегі жан шуағын.
Сол жаннан нәр аламын,
жап-жарық нұр төгемін.
Сол нұрдан, гүлге айналам, күн сүйген күлтелерін.
Содан соң, аспан болып, қараймын мына әлемге..
Жұлдыз боп жымың қағып, жеткізем түн дерегін.
Түн болып, сыбыр қағып,
куә боп сан қызыққа,
Әп -сәтте айналамын, ең нәзік таңғы шыққа,
Ақ таң боп аймалаймын, алғаусыз үміттерді,
Жаныммен қарсы тұрам, жалқы мұң- жалғыздыққа.
Тәңірім, байқадың ба,
Мендегі қуат қандай?!
Мөлдіреп жан сезімім, ең таза бұлақтардай,
Мен мына әлем үшін, пәктіктің өзі болам,
Осынау сезім барда, күн кешем түк ақталмай.
Ендеше, берші мұрсат,
сүйгенге, сүймегенге..
Мен мына ғалам сырын, өзіңнен үйренем де ,
Жарқырап ғұмыр кешем, ғажайып ертең үшін,
Ең ұлы үміт болам , әз жаны күйрегенге .
Ең сұлу сезім болам, сүйгенге, сүймегенге.
Жоғалтқым келмейді екен
- ramuk_b
- 26 тамыз 2019
- 1078
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жоғалтқым келмейді екен өлеңі, Толқын Қабылша өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Жан туралы мақал-мәтелдер
Тәнім – жанымның садағасы, Жаным – арымның садағасы....Жұлдыз көп, түн қойнында жымыңдаған
Жұлдыз көп, түн қойнында жымыңдаған. Жымыңдап, сан тағдырдан сыр ұрлаған. Мен - Күнмін, Жүрегі нұр, тәні - Шуақ. Сөнбейтін сәуле берген ғұмыр маған....Сәби болғым келеді
Құс та болғым келмейді! Қанатым бар.. Қанатым бар күмістен жаратылған. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған....Дос болам десең
Дос болам десең, Досымды сыйла, қымбаттым! Досыңа сонда, Досыммен ғана қымбатпын....Шәкірт ойы
Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам! Қараңғылықтың көгіне, Күн болмағанда, кім болам?...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.