Жалаңаш қоғам келбетін,
Жасыра алмас шымылдық.
Жетім мұң кезсе жер бетін,
Жезөкшелері мұрындық.
Жартыкеш байдың бір күні,
Жалғанды телір жұмаққа.
Жарлының жарым тірлігі,
Жанпида үні құлақта.
Жесірі желпіп етегін,
Желменен желкен ашылып.
Жан емес тәнде жетегім,
Жарымес нәпсі бас ұрып.
Жаутаңдап көзі мұңлықтар,
Жетімек тағдыр құн сұрар.
Жасыра алмас шындыққа,
Жалғыздық дейтін сыншы бар.
Жазмыш па осы, жарық күн?!
Заманның мұңы - бар мұңым.
Жансауға сұрап жалықтым,
Жахандануда тағдырым.
Жырақта, желдің өтінде,
Жаратқанына сиынып.
Жаяды үнсіз саусағын,
Жансебіл болған бір үміт.
Жансебіл болған бір үміт.
Толқын Қабылша
Заманның мұңы- бар мұңым
- ramuk_b
- 26 тамыз 2019
- 831
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Толқын Қабылша өлеңдері, жүректі көрдім жаралы, таңдар қалды күрсінген
Ұқсас жаңалықтар:
Таңғы сыр...
Тербетіп тәтті ой – арман. Нұрына таңның тамсанып, бүгін, оянғам Тамылжып тұрып, тәнті еткен таңның шапағы, Тәңірлік тылсым түстерге екен боялған....Қыз мұңы
Жүрегiмде қандай мұңым жатты екен? Деме менi тұрақсыз. Болар едiм, әттең, саған тәттi өлең, Махаббатта болмайды екен сынақсыз....Дін туралы
Иман - қой, ақыл - қойшы, нәпсі - бөрі. Бөріге қой алдырмас ердің ері. Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса, Ала алмас ешбір нәрсе: шайтан, пері....Ғашықпын
Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға! Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!? О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын! Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!...Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен
Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен, Не пайда дәтке қуат бекінгеннен, Алайда, емханада көз жұмғаннан, Жақсы еді ғой майданның өтінде өлген....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.