Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!
Жазы бар жалынмен жандырған,
Қысы бар аязға қардырған.
Көктемі — балауса, балдырған,
Ал күзі — алып бір ақ қырман,
Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,
Күрең нан жаңа алған тандырдан.
Көлденең көлбеген көкжиек
Қыранның қанатын талдырған.
Қазақ жері
- ramuk_b
- 10 желтоқсан 2018
- 2138
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ жері, Қазақ жері өлеңі, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Қазағымның көк байрағы желбіре
Қазағымның көк байрағы желбіре, Көсегесін көгертіп, жарқыратшы елді де. Отанымның аясында әрқашан, Көкке самға, самғат елмен ерді де....Бабалар салған сара жол
Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес. Тәуелсіздік дегенде ұлан - байтақ жерімізді анталаған...Астана болашақтың қаласы
I Астана – арман қала (Қатысушылар: Англия елшілері, Қазақстандықтар). 1 - оқушы: Қазақ жеріне қош келдіңіздер! 2 - оқушы: Welcome to Kazakhstan...Тәуелсіз елдің патриотымын!
Тәуелсіз елдің патриотымын! «Пай, пай, пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер, Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер! Ғашықтар бір - бірін өпкен...Ән әлемінің королі
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Абенова Бибигуль Амангалиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.