Ғашықпын!
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!
Ғашықпын.
Қайтіп оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.
Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
Ақ қанат құсым менің, кеткенің бе?
Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,
Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?
Сарғайған сағынышты басып толық,
Бар үміт, бар сенімді шашып болып,
Өтермін сірә да мен бүл өмірден,
Мәңгілік қалармын мен ғашық болып
Ғашықпын
- ramuk_b
- 26 қараша 2018
- 1975
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ғашықпын өлеңі, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол
Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол, Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, Мен не болсам болайын, сен аман бол....Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
Мақсаты: а) білімділік: М. Мақатаев өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру ә) тәрбиелік: отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын...Әке
Әке, сенің жасыңнан асып барам. Кезі-кезі келгенде тасып та алам, Кезі-кезі келгенде жасып қалам, Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң....Ғашықпын әрқашанда, Өмір, саған!
Адам деген қызық. Өзіндегі бар затты бағаламай, өзінде жоқ затты ойлап, «соған қол жеткізбедім» деп үнемі мұңайып жүргені. Күндердің күнінде сол...Жастық жалыны (өлеңдер)
Әдемі қыз. 1.Қардай аппақ жүздері Құралайдың көздері. Сызылған сөз үндері Әп-әдемі өздері....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.