Әр жыл сайын ақпан айының басында Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні аталып өтеді. Бұл күннің басты мақсаты – интернет пайдаланушылардың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың цифрлық сауаттылығын арттыру және интернет кеңістігін қауіпсіз әрі қолайлы ету.
Әлемде ерекше күндер көп, бірақ солардың ішінде рухани байлық пен білімнің қайнар көзі саналатын кітапқа арналған күн – 14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні ретінде атап өтіледі.
«Ер Сайын» – қазақ халқының батырлық жырларының қатарына жататын эпостық туынды. Бұл жыр батырдың ерлігі мен халықты жаудан қорғау жолындағы күресін баяндайды.
«Қамбар батыр» – қазақтың батырлық жырларының ішіндегі ең көне және ең танымал эпостарының бірі. Бұл жырда батырдың ерлігі, елін - жерін қорғаудағы қаһармандық істері, әділетсіздікпен күресі, махаббат пен адалдықтың ұлы құндылығы суреттеледі.
«Ер Тарғын» – қазақ халқының батырлық эпосы. Бұл жыр халықтың жаугершілік замандағы ерлік дәстүрін, елін - жерін қорғаған батырлардың батылдығы мен қайсарлығын бейнелейді.
«Алпамыс батыр» – қазақ халық ауыз әдебиетінің аса құнды мұраларының бірі. Бұл жыр батырлық эпос жанрына жатады және халықтың жаугершілік заманындағы ерлік күресін, батырлардың елін қорғаудағы қажыр - қайратын бейнелейді.