Ұлы Дала елінің дарабоздары
Қазтуған жырау
Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған. Еділдің Ақтұма, Бозан бойларында туып өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған.
Қазтуған жырау жорық жыршылары һәм халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухына, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен бізге жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзия жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Сонымен бірге олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын жыраулардың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі қазақтардың поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сол сияқты өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой арманы мен көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі һәм әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды. Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры», «Туған жермен қоштасу» сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жырлары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И. Березиннің «Түрік хрестоматиясы» (1862 жыл), Ғабдолла Мүштақтың 1910 жылы шыққан «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында, М. Мағауиннің «Алдаспан» кітабында (1970 жылы) жарияланды.
Қазтуған жырау
- ramuk_b
- 15 наурыз 2017
- 5246
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазтуған Сүйінішұлы, әскербасы, батыр, жырау
Ұқсас жаңалықтар:
Жиембет жырау
Жиембет Бортоғашұлы жырау, әскербасы болған. XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен, қазақтың жорық жырауын жырлаған....Доспамбет жырау
Доспамбет жырау (1490 – 1523) — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери...Ақтамберді жырау
Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Қаратауда туған, 1768 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Жүрекжота деген жерде қайтыс болған. Жорық...Қазтуған жырау толғаулары, тәрбиелік мәні
Ахунов Бақытжан Кенжебекұлы, М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пән оқытушысы...Қазтуған жырау
Қазтуған жырау (XV ғасыр) Ол өзін «Айдаса қойдың көсемі», «Сөйлесе қызыл тілдің шешені», «Буыршынның бұта шайнар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.