«Мұзтау» экологиялық клубының жетекшісі және
география пәнінің мұғалімі: Мергазина Анар Ерлановна
КММ «Ленин атындағы орта мектебі»
«Парктер шеруі - 2014» үздік халықаралық табиғатты қорғау акциясын өткізу туралы есебі.
«Катонқарағай Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркінің» жыл сайынғы өткізетін халықаралық табиғатты қорғау акциясына қатысуға шақыру күнінен бастап, «Ленин атындағы орта мектебі» КММ «Парктер шеруі 2014» акциясына 2014 жылдың 25 наурызынан - 10 маусым аралығында «Табиғатты аялайық, болашақты ойлайық!» атты ұранымен бастады.
Сайысқа мектеп оқушыларының 1 - 10 сыныптары тартылды.
Катонқарағай Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Парктің ұсынысын қабыл алысымен, мектеп әкімшілігі отырысында жас ерекшеліктеріне
сай жоспар жасалынып, белгіленген уақыттарда өтті.
«Мұзтау» экологиялық клубының жетекшісі өз мүшелерін жинай отырып, экологиялық онкүндік жоспары жасалынып, мектеп директорына
9 сәуірден - 19 сәуір аралығында мектеп ішінде онкүндік есебінде бекіттіріп, өз жұмысын бастады.
Жоспарға сәйкес тыс қалған сынып болмады. Әр түрлі іс - шаралар жоспарланып, түгелдей жоспарға сай жүзеге асты.
Экологиялық онкүндік 9 сәуір күні мектепішілік кезекті
«Табиғатты аялайық, болашақты ойлайық» атты тақырыптық тізілімде «Парктер шеруі - 2014» акциясы ашылып, кезекші
10 «А»сынып оқушылары туған жерге байланысты өлеңдер оқып, жинақтама материалдарын ауызша баяндап берді.
Мектептің пән мұғалімдері, сынып жетекшілері сондай - ақ бейнелеу өнерінің мұғалімдері «Өсімдіктер мен жануарлар әлемі», «Сақтар әлемі», «Өз орманыңды ұрпақтарға сақта!» атты тақырыптарға
1 - 10 сынып оқушыларының арасында суреттер сайысы болып, мектеп ішінде қабырғалық суреттер көрмесіне ең көрнекті деген суреттер іріктеліп, Катонқарағай Ұлттық Табиғи Паркке тапсырылды. Әр тапсырманы оқушылар белсене орындап, қызығушылық танытты. Суреттер сайысында ең үздік жұмыстары үшін бастауыш сыныптардан
4 «А» сынып оқушылары Уалханова Мөлдір, Нургазиева Амина, 2 «А» сынып оқушысы Нұрлыбекова Алуа, 3 «А» сынып оқушылары Оразгалинова Саяжан, Советова Тахмина, жоғарғы сынып оқушыларынан 7 «В» сынып оқушысы Шуйбеков Алишер, 8 «Б» сынып оқушылары Толеужанов Мейір мен Мухаметжанова Тогжан, 6 «А» сынып оқушылары Манарбеков Арман мен Тілеуханова Айданаға мектеп директорының атынан мақтау қағаздары ұсынылды.
«Егер мен ұлттық парктің директоры болсам...» әдебиеттік жоба сайысында мектепішілік қорытынды бойынша 5 «А» сынып оқушылары Серікқызы Сезім мен Рақышов Рүстем, 7 «А» сынып оқушылары Рахметчанова Наргиз, Мұратова Диана, Сұлтанғазина Жадыра,
8 «А» сынып оқушысы Базилова Мира ең үздік жұмыстары үшін марапатталды.
«Туған ауылымның тарихы» рефераттар сайысында 8 «Б» сынып оқушылары Мұхаметжанова Динара мен Мұхаметжанова Тоғжанның жұмыстары бағаланып, мадақтама қағаздары табыс етілді.
«Парктер шеруі» халықаралық табиғатты қорғау акциясында өткен жұмыстарға арнайы мақала жазылып, аудандық «Арай» газетіне ұсынылды.
1 - 10 сынып оқушыларының арасында сынып жетекшілері жоспарлы экологиялық сабақтарын өткізді. Әрбір өткен экологиялық ашық сабақтары мен тәрбие сағаттарына, ашық есік күніне, үгіт насихат түрлеріне МҰТП қызметкерлерінің және «Жас туристер бекетінің» эколог - мамандарының қатысуымен өтіп, сыйлықтары ұсынылды.
1 «А» сынып жетекшісі Р. С. Адилова өз сыныбымен«Табиғат - аң – құсымен ажарлы» ауызша журнал, 2 «А» сынып жетекшісі М. Т. Темирханова «Табиғатты аяла» саяхат сабағы, 4 «Б» сынып жетекшісі Ж. А. Исмаилова «Земля - наш общий дом» жұлдызды сәт ойынын, 6 «В» сынып жетекшісі Г. А. Рамазанова «Цветник - Семицветник» экологиялық ойын сабағы, 7 «В» сынып жетекшісі Е. С. Кусеков «Природа не прощает ошибок» сынып сағаты, 9 «В», 10 «Б» сынып жетекшілері Ф. М. Нуртазин мен О. В. Толежанова «Земля – колыбель человечества» тақырыптарында мазмұнды да, тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаттары өтіп, жоғары бағаланды.
Онкүндік аясында 18 сәуір күні «Мұзтау» экологиялық клубының жетекшісі
А. Е. Мергазина, орыс сыныптарында Г. А. Рамазанова, биология пәнінің мұғалімі А. Б. Бердібековтың ұйымдастыруымен мектепішілік акт залында «Жер - Ана, тіршілік бесігі» ауызша журналы болды.
Мақсаты: 1. Оқушыларға экологиялық білім беру. Адам өміріндегі жануарлар мен өсімдіктер маңызын ұғындыру.
2. Экология мәселелеріне, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту.
3. Қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу.
Ауызша журнал 4 беттен тұрды.
1 - бет. «Экология және Қазақстан» ой шақыру./видео фильм/
2 - бет. «Экология және қоршаған орта»
3 - бет. «Менің өлкем»
4 - бет. «Гүлдей бер, Жер - Ана»
Өнерімен көрерменді тәнті еткен оқушылар ағайынды Бұланбек Елдос пен Ердос «Адамдар аққуларды атпаңдаршы» әнімен,
9 «Б» сынып оқушыларының мың бұралған биші қыздары «Гүлдер» биімен, 6 - 8 сынып оқушыларынан іріктелген оқушылар тобы «Ойлан, достым!» атты қойылымы барша көрермен қауымды ойландырды. Қатысқан сынып оқушылары көптеген құнды деректер алып, білім нәрімен сусындап қайтты.
Мектеп оқушылары Байқонақова көшесіне «Тазалық өзімізден басталады» атты тақырыпта үгіт - насихат парақтарын тарата отырып, ауыл халқын тазалыққа шақыра отырып, ұран тастады.
Мектеп ішінде жоспарға сәйкес акцияда «Орманды өрттен сақтайық!» үгіт, насихат парақшалары таратылды.
1 - 4 сыныптар арасында Табиғат, Жер, Су, Ауа тақырыптарында ертеңгілік, ашық тәрбие сағаттары өтті. Бұл экологиялық сабақтары әрбір сынып оқушысына қызықты болды, себебі әр сынып өз өнерлерін ортаға салар барысында құс, орман, табиғат және көптеген табиғат компоненттерінің киім түрлерін киіп, «Табиғатты қорғайық!» атты ұрандар салды.
Әр сыныптың кішкентай бүлдіршіндері әзірленген көмерлері көрермендер көңілінен ш ығып, өз өнерлерімен көрермендерді бір марқайтты.
Шараға арнайы шақырылған қонақтар және мектеп оқушылары келді.
Әрбір экологиялық сағаттар мен сыныптан тыс шаралар, үгіт – насихат бригадалар мақсаты: Оқушыларға экологиялық білім беріп қана қоймай, жылдам ойлау, тапқырлық, шешендік қасиеттерін дамытып, танымдыққа баулу болды. Экологияны, қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға тәрбиелеу еді. Мектеп оқушыларының белсенділігі жоғары болды.
Жыл сайынғы қаланған дәстүр негізінде мектеп ұстаздар қауымы мектеп директоры О. Уранбаевтың басшылығымен бірлесе отырып, «Бір тал кессең, он тал ек» атты ұранмен 60 көшет отырғызып, мектеп ауласын көркейтуге үлес қосты.
Тазалық - денсаулық кепілі», демекші әр жұма күндері мектеп ұстаздары арнайы бекітілген мөлтек аудандарына, көше бойларына, мектеп ауласына тазалық жұмыстарын жүргізеді.
Мектеп оқушылары және мектеп ұжымы әр аптаның жұмасында ауыл маңының тазалығын реттеуге және үнемі апта сайын әрбір белгіленген аумақтарды бір кісідей тазалап, тәртіп сақтап, тазалық жұмыстарын ұйымдастырып отырады.
Би ы л ғы 2013 - 2014 оқу жылының экологиялық халықаралық табиғатты қорғау «Парктер шеруі 2014» акциясының қорытындысы 22 сәуір күні мектеп ішінде технология және бейнелеу өнерінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті. Ең үздік жұмыс түрлері мектепішілік әділ қазылар алқасының шешімімен Катонқарағай МҰТП тапсырылды. Оқушылардың шығармашылығы, жазған ғылыми жұмыстары, бүктемелер, рефераттар, тақырыптық ашық сабақтар, экологиялық сабақтар, саяхат сабақтар жайлы қысқаша рет - ретімен тақырыпқа сай айтылып, слайд - презентациясымен қорытындыланды.
«Мұзтау» экологиялық клубының жылдық қорытынды отырысы болып, 2014 - 2015 оқу жылына арналған жоспары жасалынып, мектеп әкімшілігіне ұсынылды.
Парктер шеруі
- mergazina1981
- 9 қаңтар 2015
- 6801
- 0
- 0
Ілмек сөздер: парктер шеруі, есеп, экологиялық клуб
Ұқсас жаңалықтар:
Өзін - өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы
Елбасымыз туралы кітаптар, өзін - өзі тану пәні муралы қанатты сөздер, өзін - өзі тануға арналған тренинг кітаптар мен журналдыр қойылды. Оқушылардың...Жезқазған аймағының экологиялық проблемалары
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Талды жалпы білім беретін орта мектебінің 3 сынып оқушысы Жұмажанова Әмина Жетекшісі: Алшынбаева Жанбала Шуйкенқызы...Үздік сынып жетекші-2014
Қызылорда қаласы, № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектепте өткізілген "Үздік сынып жетекші - 2014" байқауы Авторы: Еспенбетова Зағира...Табиғатты қорғайық (оқушы шығармашылығы)
Ақтөбе қаласы, № 32 мектеп – гимназиясы 2 сынып оқушысы Жұмабекова Аружан Айбекқызы Мұғалімі: Қажығалиева Клара Жанұзаққызы...Табиғатты аялай да, бағалайык та білейік
Оңтүстік Қазақстан облысы,Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Кененбаева Жанар Кулахметовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.