Сайтқа кіру Тіркелу

«Балапан» бағдарламасының жемісі

«Балапан» бағдарламасының жемісі
Қазіргі кезде қоғамдағы басталғаноң өзгерістер білім беру саласында да тың күштерге бастады. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттердің ең бастысы өзінің ісін жалғастыратын салауатты, саналы, білімді ұрпақ өсіру. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғамның қамын ойлау болып табылады. Осы орайда Ақтөбе облысының, Ойыл ауданы, Ойыл селосында 2011 жылдың 27 желтоқсанынан бастап, «Балапан» бағдарламасы аясында «Асанәлі» балабақшасы бүгінде 2 - 5 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналып ашылып отыр. Балабақшада өзге балабақшалар сияқты білім беру мен тәрбие беру жұмыстарын жаңаша жүргізіп, көптеген жұмытар атқаруда.
Балабақшада 50 бала қабылданып, екі топ жұмыс жасады. 2013 жылдың желтоқсан айынын бастап сыйымдылығына қарай аудан әкімінің қаулысымен, білім бөлімінің басшысы С. С. Сүлейменовтың қолдауымен тағы бір топ ашылып, аудан тұрғындарының сұранысын қанағаттандырып отыр. Біздің ұжым үшін бұл да бір жаңалық болды.

Балабақша ұжымы Н. Ә. Назарбаевтың «Мектепке дейінгі тәрбие жүйесін сақтап қаламыз және дамыта береміз», «Бір - мақсат, Бір - мүдде, Бір - болашақ» бағдармамасын жүзеге асыру мақсатында аянбай еңбек етуде. Мектепке дейінгі білім беру стандартына сай балабақшамыз бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне қарай өнегелі тәрбие, жан - жақты жаңа жаһандану бағытында оқу іс - әрекетін ұйымдастырып келеді. Келешек бүлдіршіндердің білімді тәрбиелі жаңа заманға сай ХХІ - ғасыр ұрпағы етіп, тұлға қалыптастыру мақсатында ата - аналармен бірлесе отырып, тәрбиелік мәдени шаралар ұйымдастырылуда., «Көркейе бер, туған жер»акциясына ата - аналарда белсенділікпен өз үлестерін қосты.

Ұжымда педагог кадрлардың білімі мен біліктігін арттыру қазіргі таңда алдымызда тұрған басты мәселеміздің діңгегі. Балабақшадағы педагог кадрлар заманға сай білімі мен тәрбиені ұштастыру мақсатында әрқашан шығармашылық ізденіспен еңбек етеді. Балабақша жаңадан ашылсада, аудан көлемінде заманауи тақырыптарда семинарлар өткізді. Балабақша педагогтары білімі мен біліктілігін ұштастыру мақсатында републикалық сайыстарға, халықаралық сайттарға, облыстық марафондарға қатысып, өз тәжіибелерін шыңдады. Атап айтар болсақ, биылғы семинарда ортаңғы топ тәрбиешісі А. Ерішева «Көшбасшы - тәрбиеші» атағын алды. Сонымен қатар облыстық «Ертегілер еліндегі - математика» тақырыбындағы математикалық марафонда Ж. Жолдаева мен А. Ерішева ІІ - дәрежелі дипломмен марапатталды. Жаңашылдыққа жана жақын А. Ерішева, Ж. Жолдаева, А. Үсенғалиева, А. Медетова, Ж. Бекмуканова, А. Қалниязова, Д. Мергеновалардың сабақтары халықаралық «Білімділер» сайтына шығып, дипломмен марапатталды.

Халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсын»- деп бекер айтылмаған. Сондықтан ата - аналардыңда, тәрбиешілердіңде, балабақшаның да басты міндеті - жас ұрпақтың мөлдір, шықтай таза, дені сау, ұлттық сана сезімі биік, рухани әлемі бай, мәдениетті, еңбекқор, бойында басқада игі қасиеттерге толы болуы біздің берген тәлім тәрбиемізге байланысты екені сөзсіз.
Кері қайту
Ілмек сөздер: балапан бағдарламасы
Ұқсас жаңалықтар:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайын ...

Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайын ...

Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптармен біріңғай білім...
Балабақша - алтын бесігім

Балабақша - алтын бесігім

Балабақша - алтын бесігім Халықта «Ағаш түзу өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» бекер...
Балабақшада балаларды шығармашылық құзіреттілігіне дамытудағы музыка оқу іс ...

Балабақшада балаларды шығармашылық құзіреттілігіне дамытудағы музыка оқу іс ...

Бала тәрбиесінің негізгі іргетасы қаланатын мектепке дейінгі мекемелердегі білім мен тәрбиенің егіз, бірін - бірі толықтырыла жүргізілуі - жеке тұлға...
Балабақшада ұлттық ойындарды дамыту

Балабақшада ұлттық ойындарды дамыту

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, "Жұлдыз" балабақша меңгерушісі: Ералимова Ғалия Болатқызы...
«Балабақшам – терең мақтанышым»

«Балабақшам – терең мақтанышым»

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті № 7 «Балдырған» балалар бақшасының әдіскері Қалжанова Рахима Сыдыққызы «Балабақшам – терең...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×