8 Наурыз – көктем мен махаббат мерекесі
әл - Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында оқитын шетелдік студенттер үшін Халықаралық әйелдер күніне арналған кураторлық сағат өтті. Басқа елдердің студенттері үшін бұл жаңа мәдени ортаға бейімделу, біздің елімізде осы мерекеге жұмсалатын мағыналарды түсіну мүмкіндігі болып табылады. Кураторлар мерекенің пайда болу тарихы және оның өзгеруі туралы, әйелдердің ғылымға, мәдениетке және қоғамның дамуына қосқан үлесінің маңыздылығын көрсету; шетелдік студенттерге мерекенің жергілікті дәстүрлерін түсінуге көмектесу туралы ақпараттармен таныстырды.
8 наурыз біздің елімізде, ТМД мемлекеттерінде – бұл мемлекеттік мереке, демалыс күні; - қызғалдақ беру дәстүрі – көктемнің келгенін білдіретін символ; – барлық әйелдерді - аналарды, әжелерді, әріптестерді, оқытушылар мен курстастарды құттықтаймыз. Міне, осы сынды мәліметтерді шетелдік студенттер кураторлық сағатта түсіне алды. Шетелдік студенттер өз елдеріндегі әйелдердің құқықтарына қалай қарайтындығымен және ұқсас мерекелер бар - жоғымен, аналар мен әпкелерді қалай құттықтау әдетімен, әйелдердің өз халқының мәдениетінде қандай рөл атқаратындығымен бөлісті. Мысалы, студент Юто Кимура Жапонияда аналар күні және қыздар күні мерекесі бар екенін айтты. Аналар күні мамырдың екінші жексенбісінде (биыл 10 мамырда) атап өтіледі. Балалар аналарына қызыл қалампыр мен «Рахмет!» деп жазылған ашықхаттар сыйлайды. Қыздар күні 3 наурызда атап өтіледі. Қытайлық студенттер өз елдерінде 8 Наурыз мерекесі Фуню Цзе «жұмыс істейтін әйелдер күні» деп аталатынын айтты. Қытайда 8 наурызда әйелдерге қалампыр немесе раушан гүлдері жиі беріледі. Ал 7 наурызда қытай тілінде Нюшэн Джи деп аталатын «қыздар күні» немесе «студенттер күні» атап өтіледі. Кураторлық сағат оқушылардың көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар өздерін үлкен және тату университеттің бір бөлігі ретінде сезінуге көмектесті. Кездесу соңында жас студенттер өздерінің сыныптастарын мерекемен құттықтап, оқуда сәттілік, көктемгі көңіл - күй мен тілектерінің орындалуын тіледі.
Ешимов М. П., Якубаева К. С.,
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
8 Наурыз – көктем мен махаббат мерекесі
- ramuk_b
- 11 наурыз 2026
- 3
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 8 Наурыз, 8 наурыз аналар мерекесі, көктем мен махаббат мерекесі
Ұқсас жаңалықтар:

Өзге елдердегі студенттер күні
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында әлемнің түрлі...
Жастарға арналған мереке
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктерң тілдік және жалпы білім беру дайыңныдығы кафедрасы әлемнің түрлі елдерінен...
Наурыз – халықаралық мейрам
Бұл мерекелік концерт барысында шетелдік студенттер Қазақстанда бұл Наурыз мейрамына ерекше көңіл бөлінетініне, ол елімізде өмір сүріп жатқан сан...
Наурыз мейрамы және ұлттық салт - дәстүр!
Шетелдік студенттер бейне таспа арқылы Қазақстан Республикасындағы "Ұлыстың ұлы күні" наурыз мерекесінің тойлануымен таныса отырып, елімізде бұл...
14 наурыз – Көрісу күні
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.