Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - да оқитын шетелдік студенттер
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әлемнің түкпір - түкпірінен келген жастар жоғары білім алуда. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері халықтар мен мемлекеттер арасындағы қарым - қатынас шекаралары кеңейіп, жоғары оқу орындары арасындағы студенттер алмасу үдерісі белсенді түрде дамыды. Осыған байланысты 2009 жылы шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінде арнайы жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы ашылып, онда шетелдік тыңдаушыларды ҰБТ - ға (кешенді тестілеуге) және Қазақстан Республикасының түрлі жоғары оқу орындарына түсуге дайындай бастады.
Шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті екі кафедрадан тұрып, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті деп аталды. Қазіргі таңда факультетте екі кафедра жұмыс істейді: шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы. Бұл кафедраларда бай практикалық педагогикалық тәжірибесі бар, жоғары білікті оқытушылардан құралған тамаша ұжым еңбек етеді.
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары кешенді тестілеудің негізгі пәндері бойынша ғана емес (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы), сонымен қатар бейіндік пәндер бойынша да даярлық жүргізеді. Атап айтқанда: математика, география, химия, физика, биология, информатика, дүниежүзі тарихы және ағылшын тілі. Ал шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы шетел азаматтарына орыс және қазақ тілдерін оқытып, оларды әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дің түрлі факультеттеріне және Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындарына түсуге дайындайды.
Біздің оқытушылар өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарап, кейде жеке бос уақытын да шетелдік студенттерге арнайды. Факультетіміздің өзіндік ерекшелігі бар: студенттер мұнда тек бір жыл білім алады, Қазақстанға және Оңтүстік астанаға алғаш рет келеді әрі елімізде тұратын халықтардың мәдениеті, дәстүрі мен салт - дәстүрлері туралы жеткілікті мәліметке ие болмайды. Сондықтан оқытушылардың міндеті тек білім берумен шектелмей, шетелдік тыңдаушыларға жергілікті менталитетті түсіндіру, қазақстандық қоғамның бірегей мәдени құндылықтарын дұрыс қабылдап, құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің оқытушылары
Туребекова Р. С., Нұртілеуова С. Р.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - да оқитын шетелдік студенттер
- ramuk_b
- 18 желтоқсан 2025
- 10
- 0
- 0
Ілмек сөздер: шетелдік студенттер, Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Ұқсас жаңалықтар:

Халықаралық ынтымақтастық аясында өткен шетелдік студенттермен кездесу
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті көлемінде Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім...
Білім саласындағы екі ел ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстел
Жақында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті көлемінде Шетелдіктердің тілдік және жалпы...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы: құрылу тарихы және пайдалану ережел ...
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетелдік студенттері ҚазҰУ...
Шетелдік студенттермен тәрбие жұмысы
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында...
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.