«Тұғыры биік тәуелсіздік» атты тәрбиелік іс - шарасы өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында шетелдік студенттерге арналған «Тұғыры биік тәуелсіздік» атты ашық тәрбиелік іс - шарасы өтті.
Іс - шараның мақсаты – шетелдік студенттерге ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау.
Жиында сөз алған кафедра оқытушылары 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қабылданып, Қазақстан бүкіл әлем мойындаған, заңды түрде рәсімделген тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болып, бұл заманалық оқиға – халқымыздың ұрпақтарының орындалған арманы мен үмітінің нәтижесі екені туралы мәлімдеме жасай отырып, бүгінгі күні Қазақстан ТМД елдері арасында жаңғырту мен дамытудың көшбасшысы екенін мақтанышпен сөз етті.
Одан кейін кафедраның оқытушылары кезекпен сөз алып, тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктерімен таныстыра отырып, Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке екенін, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күткенін айта отырып, баяндамаларымен таныстырды.
Студенттер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар шетелдік студенттер үш тілде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы өлеңдер оқыды және аталған іс - шараға арнайы ұйымдастырылған шағын қойылымға қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді. Бұл ашық тәрбиелік іс - шара шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
А. Саденова.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім
беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының қ. профессоры
«Тұғыры биік тәуелсіздік» атты тәрбиелік іс - шарасы өтті
- ramuk_b
- 14 желтоқсан 2025
- 18
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тұғыры биік тәуелсіздік, тәрбиелік іс - шара, ҚазҰУ
Ұқсас жаңалықтар:

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Алматы қаласы
Бүгінде көркімен әдемі, табиғаты да өте керемет, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
Тарихы терең Алматы!
Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
25 қазан – Қазақстан Республикасы күні!
25 қазан - Қазақстан Республикасы күні мемлекеттіліктің символы болып саналатын маңызды мереке, еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.