Білім берудегі тәрбиелік шаралардың рөлі
Кемелді болашақ кепілі - білім. Елімізде білім беру саласы алға жылдам ұмтылып, қарқынды дамуда. Білім беруде, ғылымға баулуда және жастарды тәрбиелеуде жоғары оқу орындарының орны ерекше. Университеттің міндеті білім мазмұнын құрайтын жоғары кәсіби - гуманитарлық сапаны қамтамасыз ете отырып, жоғары кәсіби мәдениетті маман тұлға қалыптастыру. Осы бағыттағы әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың мақсаты - қазақстандық элита құрамына кіруге қабілетті, жоғары дамыған тұлға тәрбиелеу, сонымен қатар белгілі бір кәсіби салада бәсекеге қабілетті маман дарялау.
Тәрбие күрделі, көп өлшемді, көп қырлы үдеріс. Әсіресе, студент жастарға жоғары оқу орны туған үйінен кейінгі екінші үйі, ал өздері оқитын факультеттегі топтары олар үшін үлкен және тату - тәтті отбасы болып табылады. Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттердің әр түрлі деңгейдегі білімге деген сұраныстарын қанағаттандыру, қызығушылық танытқан таным көкжиектерін кеңейту бағытында әр түрлі іс - шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Әр жыл сайын кафедраның студенттері университеттің үлкен іс - шараларында өздерінің білімдерін көрсетіп, өнерлерімен қуантады.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір», «Green campus» және тағы басқа жобалары табысты жүзеге асуда. Бұл жобалар - жастарды азаматтық және рухани - адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге қосқан үлесі болып табылады. Осы аталған жобалар аясында кафедраларда бірнеше ғылыми - танымдық, тәрбиелік маңызы бар ашық тәрбиелік іс - шаралар өткізіліп отырады. Бұл жобаларды жүзеге асырудағы мақсат заманауи қазақстандық мəдениетті таныту, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды студенттерге кеңінен таныстыру.
Еліміздегі тарихи - мәдени ескерткіштерді жаңғырту, сақтау, дамыту, халыққа таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу секілді жобалар аясында түрлі іс - шараларды жүзеге асыруда кафедраларда клубтар мен орталықтар белсенді жұмыс істейді.
Өткізілген ғылыми - танымдық шаралар студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосып отырады. Кафедраларда өткізілетін іс - шаралар, мереке, кештерде студенттер өздерінің алған білімдерімен, өнерлерімен таныстырады. Іс - шаралар барысында өлеңдер оқылып, әндер орындалады, дәстүрлі көріністер көрсетіледі. Студенттер танымдық - мәдени іс - шараларға қатысу арқылы тек қана білім алып қана қоймай, мәдени іс - шараларға да араласып, мәдени, рухани өсуге болатынына көз жеткізіп отырады.
Е. Р. Өзенбек
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Тарих факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы
Білім берудегі тәрбиелік шаралардың рөлі
- ramuk_b
- 19 қыркүйек 2025
- 24
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Білім беру, тәрбиелік шаралар, білім беру саласы мақала
Ұқсас жаңалықтар:

Тәрбиелік шаралардың рөлі
Кемелді болашақ кепілі білім болып табылады. Елімізде білім беру саласы алға жылдам ұмтылып, қарқынды дамып келеді. Білім беруде, ғылымға баулуда...
Тәрбиелік іс - шаралардың маңыздылығы
Шетелдік студент жастарға өздері оқитын топтары олар үшін үлкен және тату - тәтті отбасы болып табылады....
Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір», «Green campus»...
Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі
Ғылымға баулуда, білім беруде және жас ұрпақты тәрбиелеуде жоғары оқу орындарының орны ерекше....
Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің биыл білім әлемінде желкен керіп келе жатқанына...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.