Жолдау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Қазақ елі әр жылы жаңа үмітпен күтетін Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың биылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздегі саяси оқиғалардың ең маңыздысы ретінде қабылданатын тарихи құжат болып табылады. Жолдаудың мән - маңызы өте ерекше, ауқымы кең, мазмұны бөлек болып табылады. Сондықтан оның әр бөліміндегі көтерілген мәселелер мен тапсырмалар ұлт ертеңі үшін атқарылатын нақты жол. Мемлекет басшысы кезекті Қазақстан халқына жолдауында алда тұрған маңызды бағыттарымыз бен мақсат - мұраттарымызды анықтап берді.
Аталған Жолдауда елдің болашақ дамуына әсер ететін стратегиялық бағыттарға арналды. Атап айтқанда, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні мемлекеттік басқару мен экономикаға кеңінен енгізу мәселелері бойынша маңызды мәселелер көтерілді. Сонымен бірге ішкі нарықты күшейту, өндірісте жоғары қосылған құнды өнім үлесін арттыру, азық - түлік, энергия және көлік қауіпсіздігін нығайту туралы сөз қозғалды. Денсаулық сақтау, білім беру және экология саласындағы әлеуметтік реформалар да Жолдаудың негізгі өзегін құрады.
Президент жолдауында көтерілген мәселелердің өзектілігі және ұсынылған шаралардың маңызы ерекше. Бұл Жолдау осы салалардың жұмысын жандандыруға қозғау салып, Қазақстан халқының тыныс - тіршілігінің жетілуіне жол ашып, түрлі салаларында нақты жақсартуларға ширатуға үлкен серпін береді деп ойлаймын.
Президенттің бастамалары қазіргі заман талабына сай деп есептеймін. Сонымен қатар биылғы Жолдауда айтылған мақсаттарды орындау да үлкен жауапкершілік жүктейді.
Еліміздің дамуы алдындағы барлық міндеттердің Президенттің бағыт беруімен жемісті жүзеге асырылатынына, өзекті мəселелер ұтымды шешімін тауып, алдағы уақытта ел игілігі үшін оң өзгерістер болатынына кәміл сенемін.
Е. Р. Өзенбек
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Тарих факультеті,
Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы
Жолдау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
- ramuk_b
- 8 қыркүйек 2025
- 31
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақстан халқына Жолдауы, 2025 жыл 8 қрыкүйек, Тоқаев
Ұқсас жаңалықтар:

Жолдау – жаңа мүмкіндіктер кезеңі
ҚР Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер...
Жолдау жүктеген маңызды міндет
Қазақ елі әр жылы жаңа үмітпен күтетін Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық...
Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі
Қазақ елі әр жылы жаңа үмітпен күтетін Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты...
Жолдаудағы мақсаттарды орындау үлкен жауапкершілік жүктейді
2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздегі саяси¬ оқиғалардың ең маңыздысы...
Сапалы білім – болашақ кілті
Қазақ елі әр жылы жаңа үмітпен күтетін президент Жолдауының бұл жолы 1 қыркүйекте «Білім күні» мерекесімен және Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа -...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.