Ұлттық киім – ұлт келбеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұлттық құндылықтарды насихаттау және жастар арасында дәстүрге деген құрметті арттыру мақсатында маңызды шаралардың біріне бастамашы болды. 2025 жылдың 18 наурызында университет ұжымы «Ұлттық киім – ұлт келбеті» атты ерекше шараға қатысып, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін дәріптеуге өз үлесін қосты.
Университет профессорлары, оқытушылары мен студенттері бұл күні арнайы ұлттық киім киіп, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан сән мәдениеті мен киім үлгілерінің алуан түрлілігін көрсетті. Бұл шараға ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы ұжымы да сырт қалмады.
Мемлекет басшысы да ұлттық киімді дәріптеудің маңыздылығын атап өтіп: «Ұлттық киім – бұл біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі. Оны жан-жақты дәріптеуіміз керек» деген болатын. Осы ретте университеттің бұл бастамасы ұлттық мәдениетімізді жаңғыртуға, жастардың тарихи мұраға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған игі қадам болып табылады.
Бұл шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты дамудың бірнеше мақсаттарымен тығыз байланысты. Ұлттық қолөнерді дамыту арқылы ұлттық киім өндірісі мен дәстүрлі қолөнер шеберлерінің еңбегін жандандыруға мүмкіндік туады, мәдени мұраны сақтау және оны қоғамда кеңінен насихаттау арқылы тұрақты дамуды қамтамасыз етуге үлес қосылады. Сонымен қатар сапалы білім беру университетіміздің негізгі мақсаты болып, ұлттық киімді дәріптеу арқылы жастарға мәдени мұраны таныстыру, ұлттық сана-сезімді нығайту және тарихи-мәдени білім беруді көздейді.
Осындай шаралар арқылы қазақ халқының бай киім мәдениеті келер ұрпаққа кеңінен насихатталып, ұлттық рухани құндылықтар жаңаша серпін алады. Сонымен қатар, бұл бастама тұрақты дамудың маңызды аспектілерін қолдай отырып, мәдени және экономикалық өркендеуге де ықпал етеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының доценті Г.Ә. Мұсаева
Ұлттық киім – ұлт келбеті
- ramuk_b
- 27 наурыз 2025
- 44
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ұлттық киім, дәстүрге деген құрметті арттыру, сән мәдениеті мен киім үлгілері
Ұқсас жаңалықтар:

«Алғыс айту күні» мерекесінің маңызы
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Қазақ ұлттық университеті мен ұлы тұлғалардың мерейтойы
Қазақ ұлттық университеті мен ұлы тұлғалардың мерейтойы – бұл ұлттық ғылымның, мәдениеттің және рухани жаңғырудың айқын көрінісі....
Ұлттық киiмді ұлықтау
Бүгінгі таңда елімізде тек айтулы Көрісу күні, Наурыз мейрамы секілді мерекелерді есептемегенде, күнделікті өмірде ұлттық нақыштағы киімдерімізді кие...
Тәрбиелік іс - шаралардың маңыздылығы
Шетелдік студент жастарға өздері оқитын топтары олар үшін үлкен және тату - тәтті отбасы болып табылады....
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.