Тұрақты даму және адам құқығы
Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) - бұл кедейлік пен кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға, жер шарын қорғауға және барлық адамдар үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған әлемде қабылданған мақсаттар. 2030 жылға дейін 17 негізгі бағыттар таңдалды, олардың жүзеге асырылуы елді өмірдің барлық негізгі салаларының тұрақты дамуына және осы әлемдегі әрбір адамға қатысты жаһандық мәселелерді шешуге жетелейді. Осы бағыттардың ішіндегі 4 - мақсат ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу. 4 - мақсаттың міндеттерінің ішіндегі 4. 7 тармағы 2030 жылға дейін барлық білім алушылардың тұрақты даму үшін қажетті білім және машықтарға ие болуын, атап айтқанда тұрақты даму және тұрақты өмір салты, адам құқықтары, гендерлік теңдік, әлем мәдениеті мен зорлық көрсетпеу, әлемнің азаматтығын насихаттау және мәдени алуан - түрлілік құндылығы мен тұрақты дамудағы мәдениеттің үлесін мойындау мәселелері бойынша білім беру арқылы қамтамасыз ету өте өзекті екені белгілі Осыған орай әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары көптеген тұрақты даму насихатын жүзеге асырып келеді. Тіл үйренуге келген шетелдік тыңдаушыларына «Қазақстан тарихының ең ауыр беттері» атты іс - шара өткізілді. Іс – шара барысында Қазақ халқының басынан өткен ең ауыр нәубеттері туралы слайд көрсетіліп, тарихи нысалармен таныстырылым жасалды. Бұл шараның негізгі міндеті әлемдегі адамзаттың басына түскен қиыншылықтар мен ауыртпашылықтардың себеп салдарын білу, оны болдырмаудың, адам құқығының қаншалықты қымбат екенін түсіндіру.
Шетелдіктердің тілдік жәнежалпы білім беру дайындығы
кафедрасының аға оқытушылары Р. И. Дүйсенбаева, Г. Ә. Машинбаева
Тұрақты даму және адам құқығы
- ramuk_b
- 1 наурыз 2025
- 15
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тұрақты даму, дам құқығы, кедейлік, тіл үйренуге келген шетелдік
Ұқсас жаңалықтар:

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - да ай күнтізбесі бойынша Шығыс Жаңа жылы атап ...
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерді оқыту мен тәрбиелеу аспектілеріне әрқашан көп көңіл бөледі. Әсіресе, жоғары оқу орнына...
Экология және тұрақты даму
Тұрақты даму – қазіргі буынның жеке қажеттіліктерін болашақ ұрпақтың талабына зиян келтірмей қанағаттандыратын даму ретінде анықталады....
Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының тезистерін іске асыру
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктерді тілдік және жалпы білім беру...
Тұрақты дамудың негізі
Мемлекет Басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» гезетіне, журналист Дихан Қамзабекұлына берген сұхбатында халықты толғандыратын...
14 наурыз – Көрісу күні
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.