Сайтқа кіру Тіркелу

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - да ай күнтізбесі бойынша Шығыс Жаңа жылы атап өтілді

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - да ай күнтізбесі бойынша Шығыс Жаңа жылы атап өтілді

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерді оқыту мен тәрбиелеу аспектілеріне әрқашан көп көңіл бөледі. Әсіресе, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктерді тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы студенттермен тәрбие жұмысын үнемі жүзеге асырып келеді. Бұл жұмыс тұрақты даму мақсаттарын зерделеу және ілгерілету шеңберінде іске асырылады, сондай - ақ «сапалы білім беру» және «тұрақты даму үшін серіктестік» сияқты Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес келеді.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Шығыс мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуді өзінің тәрбие жұмысының бір бөлігі ретінде қарастырады. Осыған орай, факультетте 24 қаңтар күні дәстүрлі түрде ай күнтізбесі бойынша Шығыс жаңа жылын атап өту шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс - шара Конфуций институтымен бірлесіп өткізілді және университетіміздегі қытайлық, корейлік, жапондық және басқа да студенттер үшін маңызды мәдени оқиға болып саналады.
Ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл – бұл Оңтүстік - Шығыс Азия халықтары үшін ерекше мереке. 31 желтоқсанда әлемнің барлық елдерінде күнтізбе бойынша бір жыл аяқталып, жаңа жыл 1 қаңтарда басталса, ай күнтізбесіне сәйкес бұл мереке қаңтар айының соңғы күндерінде атап өтіледі. Биыл ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл мерекесі 28 - 29 қаңтарға сәйкес келді. Бұл күні Қытайда, Жапонияда және Кореяда үлкен мереке басталады және оны 15 күн бойы тойлайды. Мереке дәстүр бойынша отбасылық сипатта өтеді, адамдар үйлеріне жиналып, бір - біріне бақыт, денсаулық және табыс тілейді.
Біздің университетімізде оқып жатқан қытайлық, корейлік және жапондық студенттер үшін осы жаңа жыл мерекесі университет пен факультет үшін де ерекше маңызға ие. Бұл мереке олардың отаны мен отбасынан жырақта болса да, олардың мәдениетіне деген құрметімізді білдіреді. Университет студенттері мен оқытушылары үшін бұл ай күнтізбесі бойынша жаңа жылды тойлау – түрлі елдердің дәстүрлерімен танысуға және өзара мәдениаралық қарым - қатынасты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұл күндері факультет студенттері өздерінің мәдениеті мен дәстүрлері туралы әңгімелеп, ай күнтізбесі бойынша жаңа жылды қалай қарсы алатындарын көрсетіп, қытайлық, корейлік және жапондық халық әндерін орындап, Жаңа жыл туралы өлеңдер оқыды. Мерекелік іс - шара өте көтеріңкі көңіл - күйде өтті, барлығы бір - біріне денсаулық, сәттілік және табыс тіледі. Бұл концерт өте эмоционалды, көңілді және қызықты өтті.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті – халықаралық студенттер құрамы бар білім орны. Мұнда әлемнің түкпір - түкпірінен келген студенттер оқиды, бұл біздің студенттерімізге өз халқының салт - дәстүрлерін бөлісіп, түрлі елдердің мәдениетін жақынырақ тануға мүмкіндік береді.

Шетелдкітердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушылары М. П. Ешимов, Р. С. Төребекова
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы: құрылу тарихы және пайдалану ережел ...

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы: құрылу тарихы және пайдалану ережел ...

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетелдік студенттері ҚазҰУ...
Өзге елдердегі студенттер күні

Өзге елдердегі студенттер күні

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында әлемнің түрлі...
Шығыс елдеріндегі жаңа жыл

Шығыс елдеріндегі жаңа жыл

Жуырда жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл мерекесінің келуіне орай «Шығыс елдерінің жаңа жылы!»...
Қазақ және орыс тілдерін оқитын қытай студенттерінің мәдениетаралық бейімде ...

Қазақ және орыс тілдерін оқитын қытай студенттерінің мәдениетаралық бейімде ...

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде әртүрлі елдерден келген шетелдік студенттер оқиды. Қытайлық...
Наурыз – халықаралық мейрам

Наурыз – халықаралық мейрам

Бұл мерекелік концерт барысында шетелдік студенттер Қазақстанда бұл Наурыз мейрамына ерекше көңіл бөлінетініне, ол елімізде өмір сүріп жатқан сан...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×