Әл - Фараби бабамыздың қанатты сөздерін жас ұрпаққа аманаттау біздің басты мақсатымыз!
Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл - Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Шын аты – Махмұт. Фараби Түркістанда, Фараб (Отырар) қаласында 870 жылы дүниеге келді. Әкесі - қорған басшысы Махмұт Тұрпан.
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл - Фараби туралы білмейтін адам кемде - кем. Ұлы ойшыл Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстырып, еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл - Фарабидің қанатты сөздері көп. Онда көтерілген мәселелер әлі күнге өз маңыздылығын жойған жоқ. Міне сондықтан да бабамыздың құрметіне ҚазҰУ - дың ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ киелі шаңырағымыз әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 90 жылдық мерей тойына орай әлеуметтік желілердегі парақшасынан «FARABITANU» айдарын ұсынып отыр. 1934 жылы 15 қаңтарда негізі қаланған жоғары оқу орны алғашында С. М. Киров аталып, 1991 жылдан бастап Әл - Фараби есімін алған. Осыған орай университетімізде Әл - Фарабидің ғибратты сөздерін насихаттайтын арнайы айдар жүргізу біз үшін үлкен мәртебе! Ұлы бабамыздың қанатты сөздерін жас ұрпаққа аманаттау біздің басты мақсатымыз. Жаныған сайын өткірлене беретін кездік сияқты әл - Фарабидың мол мұрасы да таныған сайын толыса береді, түрлене береді. Ол таусылмайтын кен, алтын қазына. Себебі ол «рухани» мұра. Рухани мұра – мәңгі энергия.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық
кафедрасының оқытушысы
Ибрагимова М. Н., Нұртілеуова С. Р., Мужигова Г. М.
Әл - Фараби бабамыздың қанатты сөздерін жас ұрпаққа аманаттау біздің басты мақсатымыз!
- ramuk_b
- 19 қаңтар 2025
- 10
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әбу Насыр әл - Фараби, әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі
Ұқсас жаңалықтар:
Әл-Фараби және оның әлемдік ғылым мен философияға қосқан үлесі.
Әбу Насыр әл - Фараби (870 – 950 жж.) – шығыстың ұлы ойшылы, ғалым және философ, әлемдік ғылым мен мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан тұлға....Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына саяхат
Қоғам санасының жаңғыруы біздің еліміздің алға жылжуы үшін аса қажетті қадам болып табылады. Қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуда...Ұлы даланың ұлы тұлғасы - Әбу Насыр әл - Фараби – ғұлама ғалым
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихи сананы жаңғыртуда, ең бірінші, ұлт қаһармандарының өнегелі өмірі мен құнды...Әбу Насыр әл - Фараби
Мақсаты: Оқушыларды ұлы ғұлама Әбу Насыр әл - Фарабидің өмірімен таныстыру. Тілдік, сөздік қорын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру....Әл - Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы
Абжаппарқызы Мира Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.