Қазақстан Республикасы күні – ұлттық мереке!
25 қазан – еліміздің тарихындағы маңызды күндердің бірі Қазақстан Тәуелсіздік алуына жол салған Республика күні. Республика күнінде жүрегі қазақ деп соғатын әрбір Қазақстан азаматының кеудесін мақтаныш кернеп, еліне деген сүйіспеншілігі жүзінен байқалатын күн. Қазақстан Республикасының президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен мереке ел өмірінде маңызды мәнге ие болды.
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында барлық салаларда үлкен жетістіктерге жетті. Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа айналды. Ел тәуелсіздігінің арқасында университет мәртебесі артты.
Халықаралық байланыстар мәдениетаралық коммуникацияға ықпал етеді, Қазақстанның жетістіктері мен табыстарын, оның қазіргі әлемдегі рөлін көрсетеді. Өз аумағында тұратын түрлі халықтардың барлық үздік дәстүрлерін сақтай білген, тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі болып табылатын қазақ ұлтының рөлін белгілей білген Қазақстан мемлекеті экономика, білім, мәдениет саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізді.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - да білім алу студенттер үшін танымды, қызықты және нәтижелі өтеді. Студенттер өз мамандықтары бойынша білім алумен қатар ғылыми - зерттеу жұмыстарымен айналысады, ғылыми студенттік конференцияларға, олимпиадаларға қатысады.
Қазақстан тарихына, оның мәдениеті мен ұлттық дәстүрлеріне деген тұрақты қызығушылық студенттердің бойына туған елге, Отанға деген құрмет пен отаншылдық құндылығын дарытып, Отаншылдық құндылыққа баулуына, белсенді қарым - қатынас жасауына ықпал етеді.
Бүгінгі қазақ жастарының бойында ұлтжандылықты арттыру үшін тарихқа деген сүйіспеншіліктерін күшейту маңызды болып табылады. Сонымен қатар Республика күнін санамызды жаңғыртумен қатар, ұлтқа деген құрметімізді, білімге, ғылымға деген ынтамызды арттыру біздің міндетіміз саналады.
Қазақстан Республикасы күні ұлттық мерекесі - бұл жасалған істерді қорытындылау және жаңа көкжиектерді белгілеу күні, бірлік, рухани келісім және бейбітшілік мерекесі. Әрбір азаматтың ұйымшылдығының, адал еңбегінің арқасында Қазақстан барлық бағыт бойынша сенімді дамуды және әлемдік аренадағы жағдайын нығайтуды жалғастырып келеді.
25 қазан Қазақстан Республикасы күні мерекесі – ортақ шапағат, шаттықтың мерекесі елімізге құт, көңілдерге қуаныш сыйласын!
Өзенбек Еркебұлан
Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы
Тарих факультеті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан Республикасы күні – ұлттық мереке!
- ramuk_b
- 21 қазан 2024
- 398
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақстан Республикасы күні мақала, ұлттық мереке
Ұқсас жаңалықтар:
25 қазан – Қазақстан Республикасы күні!
25 қазан - Қазақстан Республикасы күні мемлекеттіліктің символы болып саналатын маңызды мереке, еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы...Республика күнімен, Қазақстан!
25 қазан күні Қазақстан 1990 жылы мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдап, өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялағанына 23 жыл толады....Қазақстан Республикасы күні – бейбітшілік, достық және мейірімділік мерекес ...
25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Бұл күні 1990 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды....Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...Қазақстан республикасы күні - ел мерекесі, оның жетістігі және жаңа жетісті ...
25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Бұл күні 1990 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.