Күйген жерге картоп басыңыз
Картоп шырынының біз біле бермейтін пайдалы тұстары көп. Оны асқазан гастритін емдеу үшін ішетіні көпшілікке мәлім. Ал күйген жер мен жараны тезірек кетіруде көмегі бары көп айтыла бермейді.
Күйік шалған жағдайда ол жер қатты ашып, ауыратыны белгілі. Мұндайда тез арада бір картопты аршып, дөңгелектеп кесіп, сол жерге басу керек. Ол ауырсынуды азайтады, терінің тез жазылып, қызару мен жара болуының алдын алады, тыртықсыз қалпына келуде көмегі бар. Сөлі тартылған сайын жаңалап ауыстырып отырған дұрыс.
Егер күйік шалған жер суланып, сулы көпіршіктер пайда болса, онда картопты үккіштен өткізіп барып жаққан ыңғайлы, сонда сөлі көбірек болады және жарақат алған теріні одан әрі ауыртпайды. Ал картоп сөлі мол болса жарақаттың жазылуы да тез.
Бұл, әрине, үй жағдайындағы шағын, жеңіл және орта күйік жағдайында жасалатын алғашқы көмек. Мысалы, ыстық су төгіп алу, ыстық май шашыраған кезде жасалады. Ал егер күйік аса ауыр және көлемі үлкен болса, онда картопқа сеніп отыра беруге болмайтыны түсінікті.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Күйген жерге картоп басыңыз
- ramuk_b
- 26 қыркүйек 2024
- 351
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Картоп шырынының шипасы, емі, қасиеті, картоп арқылы емделу
Ұқсас жаңалықтар:
Алоэден жасалатын он дәрмек
Суық тигенде. Бұл қоспаны дайындау үшін сізге 300 грамм алоэ жапырақтары, 3 ас қасық бал және 3 ас қасық спирт қажет....Ер жігіт дүниені көргені артық
Ер жігіт дүниені көргені артық, Дүниеден не бар - жоғын сезгені артық. Түскендей аспан жерге іс болса да, Бел байлап, тәуекел деп төзгені артық....Өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары
Тілсіз келіп, тұтқиылдан тап беретін жаулардың бірі - өрт. Соңғы кезде еліміздің бірқатар өңірлерінде жиі өрт шығып, қауіпсіздік шараларын сақтамау...Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем....«Не қайда өседі?» ұсақ қол моторикасын дамытушы ойындары
Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасының тәрбешісі Жайлығалиева Сандуғаш Жайлығалиқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.