Сайтқа кіру Тіркелу

Уақытыңды басқар: Мұсылман және уақыт

Уақытыңды басқар: Мұсылман және уақыт
Адамды заман билейді.
(мақал)
Құран Кәрім адам өмірін басты бес кезеңге бөліп қарастырған: балалық шақ, жастық шақ, кемелдену, егделік, кәрілік. Мұндай кезеңдерге бөлу әр дәуірдің адамдарына тән болғанын көре аламыз. Ал дініміз болса, осылай бөліп қарастыру арқылы белгілі бір мақсатты көздеуде: өмірдің әрбір кезеңіне тиісті міндеттер белгіленген. Адам баласы қай кезеңде өмір сүріп жатқан болса, сол кезеңде атқаруы тиіс міндеттерін орындап, сол кезеңнің ерекшеліктеріне сай өз нәпсісін тәрбиелеп, өмір сүру тәртібі мен жағдайын ретке келтіруі қажет. Құран тілімен айтар болсақ, мүмін боялуы керек «бояудың» (аятта «сибғатуллаһ» сөзімен берілген) адамның өмірінің әр кезеңіне байланысты азды - көпті ерекшеліктері болады. Адамның өмір жолында табиғи түрде сырт көрінісінің өзгеріп отыратыны секілді рухани жағынан мінез - құлқы мен жан - дүниесінің жақсы жаққа өзгеруін қадағалауы қажет. Өмірі ғапылдықта бір сарынды өте шықпасы үшін мұқият болып, қырағылық танытып, толыққанды дайындықпен әрбір кезеңді дұрыс өткізуі қажет. Әйтпесе, 50 - 60, тіпті 70 - 80 жасқа келгеніне қарамастан, бүгінгінің адамдарының көбі өзін жастай көріп, нәпсі қалауларының соңына түуден әлі де арыла алмай жүрген жайы бар. Ал Алла Елшісі (с. а. с.) егде тартқан жандардың әлі де жас секілді нәпсісіне беріліп жүруін құптамай, оларды «адамдардың жаманы» ретінде сипаттайды.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Демалу мен тынығудың жолы, уақыты мен орны

Демалу мен тынығудың жолы, уақыты мен орны

«Ислам уақытты бос өткізуді құптамайды» дегенді демалуға толықтай қарсылық ретінде түсінбеу қажет. Қасиетті Құран Кәрімде демалу мен тынығу тақырыбы...
Уақытыңды басқар: Мүбәрак күндер мен түндер

Уақытыңды басқар: Мүбәрак күндер мен түндер

Рухани жағынан алғанда ережеп, шағбан, рамазан айлары басқа айларға қарағанда бір төбе жоғары, берекелі айлар болып табылады....
Уақытыңды басқар: Мүбәрак күндер мен түндер

Уақытыңды басқар: Мүбәрак күндер мен түндер

Алла Тағаланың мұсылмандар үшін мейрам етіп берген екі айт күндері бар. Бұл күндер – мейрам болумен қатар, ізгілік пен сауапты амал жасауға арналған...
Түн бен оның кезеңдері

Түн бен оның кезеңдері

Түн дегеніміз күннің батуынан бастап, таң алдындағы екінші шапақ атқан сәтке дейінгі кезең екендігі белгілі. Жалпы бір жыл бойынша есептегенде түннің...
Ерекше құндылыққа ие уақыттар

Ерекше құндылыққа ие уақыттар

Адам атаның Жерге түсуімен басталған адамзат тарихының алғашқы кезеңдеріндегі адамдардың мың жылдап ұзақ өмір сүргендігін білеміз....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×