Алматы – әсем қала, арман қала!
Мыңжылдық тарихы бар алып шаһар – тәуелсіздігіміздің алтын бесігі, білімге ұмтылған жастардың арман қаласы, армандар орындалатын мүмкіндіктер мекені.
Алматы әлемдегі ең үздік студенттерге жайлы қалалардың жыл сайынғы рейтингінде көш бастап келеді.
Бүгінде Алматы қаласында 38 университет бар.
90 жылдық тарихы бар Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматының ең көрікті жерінде орналасқан.
ҚазҰУ – университеттік ғылымды дамытуға негізделген.
Әсем табиғатымен, көрікті зәулім ғимараттарымен көз тартатын гүл Алматының бүгінгі көрінісі керемет, мәдени - саяси жүйесінің маңыздылығы зор қала. Әр қаланың өз тарихы мен өз тағдыры болады, қала арқылы шеттен келген адамдар сол қалада тұратын ұлттардың мәдениетін, салт - дәстүрін түсінеді.
Азаттықтың алтын бесігі ару Алматының бүгінгі келбеті көңіл қуантады. Күн санап аумағы артқан алып шаһар тың тыныс алып, жаңаша тұрпатта дамып келеді. Алматының әсем табиғатын барлық адам жақсы көреді.
Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматыда қала күні аталып өтеді. Осы Алматы қаласы күніне арналған Apple Fest фестивалі, концерттер, кино көрсетілімдері, қолөнершілер жәрмеңкесі, алма көрмесі мен жәрмеңкесі секілді түрлі іс - шаралар мен бағдарламалар өткізіледі. Алматы қаласы күні құтты болсын! Алматы қаласы жасай берсін!
Саденова А. Е.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы.
Алматы – әсем қала, арман қала!
- ramuk_b
- 18 қыркүйек 2024
- 505
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Алматы туралы мақала, алып шаһар, Алматы менің сүйікті қалам
Ұқсас жаңалықтар:
Алматының тарихы және бүгіні
Алматының бүгінгі көрінісі керемет, мәдени - саяси жүйесінің маңыздылығы зор қала. Әр қаланың өз тарихы мен өз тағдыры болады, қала арқылы шеттен...Алматы қаласы
Бүгінде көркімен әдемі, табиғаты да өте керемет, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері
Іс - шараға дүние жүзінің Қытай, Корея, Жапония, Ауғанстан, АҚШ, Италия, Дания, Испания және басқа да елдерінен келіп, білім алып жүрген шетелдік...ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Алматының тарихы және бүгіні
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы, ең басты құндылығы. Тәуелсіз ел атанып, керегеміз кеңейіп келеміз. 30 жыл уақыт аралығында Қазақстан...Тарихы терең Алматы!
Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.