Алматының тарихы және бүгіні
Алматының бүгінгі көрінісі керемет, мәдени - саяси жүйесінің маңыздылығы зор қала. Әр қаланың өз тарихы мен өз тағдыры болады, қала арқылы шеттен келген адамдар сол қалада тұратын ұлттардың мәдениетін, салт - дәстүрін түсінеді. Алматы - Алатау баурайының етегінде орналасқан әсем қала - өркен жайған өнер, көркем мәдениет пен өрелі өркениеттің ордасы, алып шаһарда қазір 2 миллионнан аса халық тұрады, еліміздің мәдени ошағы.
Алматы - егемен Қазақстанның қазіргі заман тарихы қаланған қала, Алматыда 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданған, 1993 жылы қаланың тарихи атауы - Алматы ресми түрде қалпына келтірілген, бас қала Астанаға ауысқан соң, Алматыға республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілген, бүгінгі күні Алматы Қазақстанның мәдени, ғылыми, қаржылық - экономикалық және саяси өмірінің орталығы болып қала береді.
Алматы – махаббаттың қаласы. Алматы әсем қала деп бекер айтылмаған. Алматының әсем табиғатын барлық адам жақсы көреді. Алматы – Қазақстанның екінші жүрегі.
Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматыда қала күні аталып өтеді. Осы Алматы қаласы күніне арналған түрлі іс - шаралар мен бағдарламалар өткізіледі: Apple Fest фестивалі, концерттер, кино көрсетілімдері, қолөнершілер жәрмеңкесі, алма көрмесі мен жәрмеңкесі.
Өзенбек Е. Р.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Тарих факультеті,
Қазақстан тарихы кафедрасы.
Алматының тарихы және бүгіні
- ramuk_b
- 16 қыркүйек 2024
- 658
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Алматының бүгінгі көрінісі, мақала, Алматының тарихы
Ұқсас жаңалықтар:

Алматы қаласы
Бүгінде көркімен әдемі, табиғаты да өте керемет, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері
Іс - шараға дүние жүзінің Қытай, Корея, Жапония, Ауғанстан, АҚШ, Италия, Дания, Испания және басқа да елдерінен келіп, білім алып жүрген шетелдік...
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Алматының тарихы және бүгіні
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы, ең басты құндылығы. Тәуелсіз ел атанып, керегеміз кеңейіп келеміз. 30 жыл уақыт аралығында Қазақстан...
Тарихы терең Алматы!
Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
Алматы – менің сүйікті қалам
Алматы қаласының кешегісі мен бүгіні, мың жасаған шахардың тарихына үңіле отырып, жарқын болашағына инновациялық - индустриялық өндіріс жобаларына,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.