Жолдау – бағыт пен болашақты айқындайды
Әр жыл сайын ҚР Президент жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуын одан ары өркендетуге, жаңғыртуға негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленеді. Өйткені ҚР Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауы мемлекетіміздің даму жолындағы бағыт берер басты құжаты. Бұл Жолдау – негізінен ел дамуының негізгі бағыттарына арналып отыр. Аталған Жолдауда экономиканы әртараптандырудың, шағын және орта бизнесті қолдаудың, инновацияларды енгізудің маңыздылығы аталып, әлеуметтік әділеттілікке, бюджеттік саладағы жалақыны арттыруға, зейнетақымен қамтамасыз етуді жақсартуға және халықтың осал топтарын қолдауға баса көңіл бөлініп, білім беру жүйесін жаңғырту, мұғалімдердің біліктілігін және денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды арттыру жоспарлары айтылды. Сонымен бірге жолдауда экология және тұрақты даму мәселелері қозғалды. Президент қоршаған ортаны қорғау шараларын, оның ішінде ластанумен күресу және жаңартылатын энергия көздерін дамытуды күшейту қажеттігін атап өтті. Ал саяси салаға қатысты Мемлекет басшысы елді демократияландыру, азаматтардың құқығы мен бостандығын кеңейту, сонымен бірге билік институттарын нығайту бағытын жалғастыруға ерекше тоқталды.
Бұл айтылған, ұсынылған Президент жолдауы халыққа, қоғамға, мемлекет дамуы, өркендеуі үшін аса қажетті дүние. Еліміздің экономикалық дамуына халықтың әлеуметтік жағдайының артуы зор әсер етеді.
Президенттің бастамалары қазіргі заман талабына сай деп есептеймін. Сонымен қатар биылғы Жолдауда айтылған мақсаттарды орындау да үлкен жауапкершілік жүктейді.
А. Е. Саденова
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасы
Жолдау – бағыт пен болашақты айқындайды
- ramuk_b
- 3 қыркүйек 2024
- 498
- 0
- 0
Ілмек сөздер: жолдауға шолу, жолдау 2024, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Ұқсас жаңалықтар:
Жолдау жүктеген маңызды міндет
Қазақ елі әр жылы жаңа үмітпен күтетін Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық...Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі
Қазақ елі әр жылы жаңа үмітпен күтетін Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты...Жолдаудағы мақсаттарды орындау үлкен жауапкершілік жүктейді
2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздегі саяси¬ оқиғалардың ең маңыздысы...Жолдау жүктеген маңызды міндет
Президент Қасым - Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауы...Сапалы білім – болашақ кілті
Қазақ елі әр жылы жаңа үмітпен күтетін президент Жолдауының бұл жолы 1 қыркүйекте «Білім күні» мерекесімен және Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа -...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.