
Еліміздің бірқатар өңірінде қарғын судың салдарынан зардап шекккендерге гуманитарлық көмек пен қажеттіліктің орны аудай қажет. Халықпен бірге қоян - қолтық қызмет атқарып жүрген жастарымыздың рухы мен жігері мұқалмай, ел игілігі үшін аянбай қызмет етіп жүрген Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ Бейіндік мектебінің 11 “Б” сынып оқушы Болатқызы Зейнеп пен 10 “А” сынып оқушысы Махсұтхан Зерені мақтанышпен айта аламын. Олар "Алматы қаласы еріктілер фронт - офисінің" еріктісі (Instagram @birgemiz. almaty) ретінде сабақтарына үздік болып қана қоймай, қаншама игі істердің жаршысы болып келеді.
Су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті 29 наурыздан бастап көмектесу мақсатында
штаб базасында күн сайын 30 - ға жуық еріктілердің қарқынды жұмыстарының нәтижесінде қазіргі уақытқа дейін шамамен 5 тоннадай азық - түлік, жылы киімдер, тұрмыстық заттар т. б жөнелтілген.
“Жас келсе - іске”,- демекші, қайырымды іс - шаралардың шегі мұнымен ғана емес, Алматы қаласындағы балалар үйі, зейнеткерлер мен қамқорсыз қалған қарттарға рухани демеу беріп, жандарына жылулық сыйлап жүрген еріктілердің ерен еңбектеріне қалай риза болмайсың?!
Алматы қаласының мәдени ошақтарының көркеюі мен гүлденуіне, сұлу қаланың сырлы келбетіне “бұлақтың тамшысындай” сүбелі үлес қосып жүрген ҚазҰУ Бейіндік мектебінің мақтаныштары Зейнеп пен Зереге тек толағай табыс пен шығармашылық жетістік тілеймін.
Жауапты кезеңнің жауапкершілігін сезіне білу - үлкен сын. Ел игілігіне қажет кезде көмек қолын Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ Бейіндік мектебінің ұжымы да қаржылай және азық - түлікпен бір кісідей жұмыла көмектерін көрсетті.
Еліміздің ертеңі - жарқын, болашағы - айқын, жастарымыздың рухы мықты болып, ынтымағы жарасқан елдің, ел басына күн туғанда “етігімен су кешер” азаматтарымыздың рухы мұқалмасын!
А. Ермагулова
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты, Бейіндік мектептің оқытушысы