Тәрбиелік шаралардың рөлі
Кемелді болашақ кепілі білім болып табылады. Елімізде білім беру саласы алға жылдам ұмтылып, қарқынды дамып келеді. Білім беруде, ғылымға баулуда және жас ұрпақты тәрбиелеуде жоғары оқу орындарының орны ерекше. Әсіресе, шетелдік студент жастарға жоғары оқу орны туған үйінен кейінгі екінші үйі, ал өздері оқитын факультеттегі топтары олар үшін үлкен және тату - тәтті отбасы болып табылады.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында шетелдік студенттердің әр түрлі деңгейдегі білімге деген сұраныстарын қанағаттандыру, қызығушылық танытқан таным көкжиектерін кеңейту бағытында әр түрлі іс - шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Әр жыл сайын кафедраның студенттері университеттің үлкен іс - шараларында өздерінің білімдерін көрсетіп, өнерлерімен қуантады.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір», «Green campus» жобалары табысты жүзеге асуда. Бұл жобалар - жастарды азаматтық және рухани - адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге қосқан үлесі болып табылады. Осы аталған жобалар аясында кафедрада бірнеше ғылыми - танымдық, тәрбиелік маңызы бар ашық тәрбиелік іс - шаралар өткізіліп отырады. Бұл жобаларды жүзеге асырудағы мақсат заманауи қазақстандық мəдениетті таныту, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды шетелдік студенттерге кеңінен таныстыру.
Еліміздегі тарихи - мәдени ескерткіштерді жаңғырту, сақтау, дамыту, халыққа таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу секілді жобалар аясында түрлі іс - шараларды жүзеге асыруда кафедрада клубтар мен орталықтар белсенді жұмыс істейді.
Өткізілген ғылыми - танымдық шаралар шетелдік студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосып отырады.
Кафедрада өткізілетін іс - шара, мереке, кештерде студенттер өздерінің алған білімдерімен, өнерлерімен таныстырады. Іс - шаралар барысында өлеңдер оқылып, әндер орындалады, дәстүрлі көріністер көрсетіледі.
Студенттер танымдық - мәдени іс - шараларға қатысу арқылы кафедрада тек қана білім алып қана қоймай, мәдени іс - шараларға да араласып, мәдени, рухани өсуге болатынына көз жеткізіп отырады.
А. Е. Саденова., Т. В. Курманова
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім
беру дайындығы кафедрасы
Тәрбиелік шаралардың рөлі
- ramuk_b
- 11 наурыз 2024
- 548
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тәрбиелік шаралар, кемелді болашақ кепілі, білім
Ұқсас жаңалықтар:
Тәрбиелік іс - шаралардың маңыздылығы
Шетелдік студент жастарға өздері оқитын топтары олар үшін үлкен және тату - тәтті отбасы болып табылады....Наурыз айындағы ұлттық тәрбиелік іс - шаралардың маңызы зор
Жыл сайын көктемде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың барлық факультеттерінде жастарды рухани - адамгершілік және мәдени - эстетикалық тәрбиелеуге...Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір», «Green campus»...Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі
Ғылымға баулуда, білім беруде және жас ұрпақты тәрбиелеуде жоғары оқу орындарының орны ерекше....Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің биыл білім әлемінде желкен керіп келе жатқанына...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.