Президент Қ. К. Тоқаевтың сұхбаты туралы
2024 жылдың 3 қаңтары күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық басылым – «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында өткен жылғы маңызды оқиғаларға, еліміздің экономикасын дамытудағы нақтылы атқарылған істерге тоқталып, баға берілген. Әлеуметтік бағыттағы түйткілді мәселелерді шешудегі қабылданған Әлеуметтік кодекс – мемлекетіміздегі осал топтағы азаматтарға кешенді түрде қолдау көрсететін жан - жақты әрі уақытылы қабылданған құжат екені айтылды. Осы тұрғыда атқарылған істер қатарына еліміздің түкпір - түкпірінде бой көтеріп жатқан білім ошақтары, денсаулық сақтау нысандары салынып жатқандығы, зиянды еңбек жағдайындағы жұмыс істейтін қызметкерлерге арнайы төлемақы енгізілуі, медицина қызметкерлері мен педагогтердің жалақысы өсуін айтуға болады. Бұл шаралардың бәрі де ел мүддесі үшін жасалып, халық көңілінен шыға білді.
Сонымен қатар Президент бұл игі бастамалар тұрақты мақсатымызға жету үшін жоспарлы түрде алдағы жылы да өз жалғасын табатынын айтылды.
Қ. К. Тоқаев журналистке берген сұхбатында айтылған маңызды мәселердің бірі – 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнімді қазіргіден екі есеге арттыру мәселесін басты стратегиялық мақсат ретінде белгілеуі. Еліміздің эқономикалық өркендеуі жолында бұл уақытылы әрі дұрыс қабылданған мақсат екені сөзсіз.
Дихан Қамзабекұлына берген сұхбатта Президент Қ. К. Тоқаев экономикалық, қоғамдық - саяси және гуманитарлық салаларда атқарылатын жұмыстарды атап көрсетіп, олардың маңыздылығына тоқталды. Жоспарланған бұл шаралардың қай - қайсысы болмасын тұтас ұлттың өсіп - өркендеуіне қосар үлес екені айтылды.
Қазақстан Республикасының Президентінің сұхбатында айтылған кез - келген мәселеге байыптай қарасақ, әрбір қойылған мақсат пен межеге жету үшін ең бірінші адалдық, жауапкершілік, ұлтымызға деген құрмет қажет екеніне баса мән берілген.
Ол өз сұхбатында «Ұлтымыз өсіп - өркендесін десек, біз жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуіміз керек. Қоғамда еңбекқорлық пен жасампаздық жоғары бағалануға, білімпаздық пен жаңашылдық салтанат құруға тиіс», - деп адам бойындағы ең басты қасиеттерді орынды көрсете білді. Президентіміз атап өткен, тәуелсіз елімізді дамыту жолындағы басты мақсаттарға жету жолында адал әрі қалтқысыз қызмет ету, өз үлесімізді қосу - әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Сұхбатта айтылғандай тек қана алға қарап, алысты көздейтін мақсаттарға ұмтылуымыз керек. Сонда ғана келешегіміз жарқын болмақ!
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
https://farabi. university
ЖОО - ға дейінгі білім беру факультеті
ЖОО - ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары:
Ж. Т. Ибраимова, Г. М. Мужигова, С. Р. Нұртілеуова
Президент Қ. К. Тоқаевтың сұхбаты туралы
- ramuk_b
- 11 қаңтар 2024
- 608
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тоқаевтың сұхбаты туралы, пікір, мақала
Ұқсас жаңалықтар:
Елді елең еткізген сұхбат
Біздің тарихшы ретіндегі бір ой түйгендігіміз, Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің сұхбаттарында, Тәуелсіздік бұл соңғы отыз екі жылдың нәтижесі...Қ.- Ж. Тоқаевтың "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатына шолу
2024 жылдың басында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Egemen Qazaqstan" газетіне жан - жақты сұхбат берді....Тұрақты дамудың негізі
Мемлекет Басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» гезетіне, журналист Дихан Қамзабекұлына берген сұхбатында халықты толғандыратын...Ел Президентнің сұқбаты жарияланды
2024 жылдың алғашқы күні Республикалық басалым саналатын «Егемен Қазақстан» газетінде аталмыш басылымның Бас директоры, алаштанушы, ғалым, Дихан...Президент Жолдауынан халық не күтеді
1 қыркүйекте Президент Қасым - Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.