Сайтқа кіру Тіркелу

Ел Президентнің сұқбаты жарияланды

Ел Президентнің сұқбаты жарияланды

2024 жылдың алғашқы күні Республикалық басалым саналатын «Егемен Қазақстан» газетінде аталмыш басылымның Бас директоры, алаштанушы, ғалым, Дихан Қамзабекұлының Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевпен сұқбаты жарияланды. Еліміздің Президенті Қасымжомарт Тоқаев өз сұқбатында өткен жылғы жасалған жұмыстарға есеп бере келіп, алдағы жылы да атқарылатын қыруар жұмыстарға тоқталып, олардың әрі қарай жалғасын табатындығын тілге тиек етті. Ел Президенті «Егемен Қазақстан» газеті басшылығының сұрақтарына толықтай жауап беріп, елді, экономиканы, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартатын мәселелер мен жоспарларына тоқталып өтті. Президент 2024 жылдан бастап Қазақстан Респубилкасының азаматы болып табылатын әрбір баланың шотына Ұлттық қордан жыл сайын ақша аударылып отыратынын және осы мәселені реттейтін осыған байланысты заң күшіне енгенін айтып өтті.
Қ. К. Тоқаев мырза алдағы жылдары әлеуметтік - экономикалық даму тәсілдері айқындалады деді. Сонымен бірге Ел Президенті 2024 жылы тарихта аты қалған танымал тұлғалардың мерейтойлары атап өтіліп, құрмет көрсетіледі. Ел іргесін қалаған азаматтар мен тарихи оқиғаларға байланысты зерттеулер жүргізіліп, Қазақстан тарихының көптомдығын дайындау жұмыстарын да аяқтауға жақынбыз, – деді. Яғни Президент Қ. К. Тоқаевтың бұл ойынан еліміздегі ғылыми зерттеулерді баста орынға қою керек екенін аңғаруға болады.
Д. Қамзабекұлының ата заң, реформа туралы қойған сұрақтарына Президент былайша жауап берген: «Реформалардың нәтижесінде Мәжіліс жаңа сайлау жүйесімен, яғни партиялардың тізімі және бірмандатты округтер арқылы жасақталатын болды. Мәжілістің өкілеттігі де айтарлықтай кеңейді. Бір сөзбен айтсақ, ескі жүйе келмеске кетті. Қазақстандағы саяси реформалар жүйелі ғана емес, ешқашан кері қайтпайтын түбегейлі сипатқа ие болды деп сеніммен айта аламыз». Сонымен бірге Президент Қ. К. Тоқаев Ел Президенті лауазымына бір - ақ рет сайлану ережесінің ешқашан өзгермейтіндігін, бұл талаптың мекмлекет тәуелсіздігі, біртұтастығы, басқару нысаны туралы нормалар сияқты мызғымастай етіп бекітілгенін қадап айтты.
Сонымен қоса ҚР Президенті жаңа жыл ол үшін қастерлі мереке еместігін, оның ойынша, Наурыз мейрамы табиғи жыл басы, ол жаңару мен жаңғырудың символы дей келе, аталмыш мейрамның мазмұнын байытып, оны мейлінше ерекшелеп, жаңаша атап өту керектігін айтты.
Ел Президенті Қ. К. Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатын сан мыңдаған халық оқып, өз бағасын беріп жатыр. Біз Президенттің болашаққа деген жоспарынан елдің болашағы жарқын, экономикасы дамып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, бейбіт те ашық аспан астында өмір сүреміз деген үміттеміз! Бастысы, алға қойылған мақсаттар мен жоспарларға бірге жетейік!

ЖОО дейінгі білім беру факультетінің аға оқытушылары
М. П. Ешимов, С. Р. Нұртілеуова, А. С. Қазмағамбетова
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Дүниеде болсын, бізде болсын, бір адам ұзақ жылдар ең жоғары лауазымды атқа ...

Дүниеде болсын, бізде болсын, бір адам ұзақ жылдар ең жоғары лауазымды атқа ...

Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаев Қазақстанда да, басқа мемлекетте де бір адам ұзақ уақыт мемлекеттік жоғары лауазымды атқармауы керек деген...
Тоқаев неліктен Қазақстанда реформалар жүргізе бастағанын түсіндірді

Тоқаев неліктен Қазақстанда реформалар жүргізе бастағанын түсіндірді

Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев азаматтық белсенділікті босату үшін елде саяси реформалар жүргізе бастағанын айтты. Референдум – ол...
Тоқаев Қазақстанның болашақ президенттерін Назарбаевтың қателерінен сабақ а ...

Тоқаев Қазақстанның болашақ президенттерін Назарбаевтың қателерінен сабақ а ...

Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаев еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи еңбегін ұмытпауға шақырып, Қазақстанның болашақ...
Қазақстанда Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды

Қазақстанда Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды

Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев 14 қыркүйектегі жарлығымен елде реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес құру туралы шешім қабылдады, деп...
Президент Жолдауынан халық не күтеді

Президент Жолдауынан халық не күтеді

1 қыркүйекте Президент Қасым - Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×