Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі халқымыздың рухын, ұлттық салт - санасын, қаһармандығы мен даналығын, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Мемлекеттік рәміз бойынша елімізді тануға және оны бүкіл әлемге танытуға болады, өйткені онда халқымыздың бүкіл бастан кешкен тарихы, бүтіндей мәдениеті жатыр.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында ашық кураторлық сағат ұйымдастырылып, «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты тақырыпта өтті.
Бұл іс - шараға шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен Қытай, Корея, Франция, Жапония, Вьетнам, Канада және басқа да елдерден келген шетелдік студенттер белсенді қатысты.
Бұл шараның басты мақсаты – шетелдік жастардың еліміздің тәуелсіздігінің айғағы — Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін кеңейту, саяси маңызын ұғындыру және насихаттау, тарихын білуге, рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Шара шымылдығы мемлекеттік Әнұранның орындалуымен ашылды. «Еліміздің өз алдына дербес мемлекет екенін айғақтайтын, қазақ халқының дарқандығы мен кеңдігін бейнелейтін төл нышандарды құрметтеу – Отанға деген сүйіспеншіліктің, жоғары азаматтығымыздың көрінісі. Бір шаңырақ астында, ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп жатқан жүзден астам ұлт пен ұлысты біріктіруде де мемлекеттік рәміздердің үлесі ерекше», — дей отырып, шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы Р. С. Туребекова сөз алып, рәміздердің мән - мазмұнына тоқталып, баяндама жасады. Осы кафедраның профессоры А. Е. Саденова «Әр қазақстандық Мемлекеттік рәміздердің сипаттамасын білуі шарт. Өйткені, Ту, Елтаңба мен Әнұран – ұлттық сезімнің, ар - намыстың, асқақ мұраттың киелі белгісі, бойтұмары. Мемлекеттік Әнұранның орындалуы, Көк байрақтың көтерілуі елге, жерге, Отанға деген өзгеше сүйіспеншілік пен сағынышты оятады, патриоттық сезімді нығайтады», – деді. Доцент К. С. Якубаева «Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты» рәміздердің ерекшеліктері жөнінде кеңінен баяндай келе, «Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – баршаның парызы», – деген ол Әнұранның шырқалу ережесі жөнінде де арнайы баптарға сүйеніп, кеңінен түсіндірді. Рәміздердің тарихына, әр мемлекеттік нақышқа жеке тоқталып, олардың авторлары жайында кеңінен мағлұмат берді. Республика Туының түсі мен барлық бейнелерінің мағынасы, Елтаңбаның негізгі идеясы туралы айтып өтті.
Кафедра оқытушылары мемлекеттік рәміздерге байланысты дайындаған баяндамаларын оқығаннан кейін тыңдаушыларға осы тақырыпта бейнефильмдер көрсетілді. Шара кезінде шетелдік студенттер өздерін қызықтыратын әрі толғандырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алып, еркін пікір алмасты.
«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты ашық кураторлық сағат ғылыми - рухани тұрғыда шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен мәдени диалог түрінде жоғары деңгейде өтті.
А. Е. Саденова., Р. С. Туребекова., К. С. Якубаева
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім
беру дайындығы кафедрасының оқытушылары
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
- ramuk_b
- 19 желтоқсан 2023
- 766
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мемлекеттік рәміздер мақала, ұлттық мақтаныш
Ұқсас жаңалықтар:
Экология – ел тағдыры
Бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды мәселелерінің бірі экология мәселесі. Қазіргі уақытта экологиялық мәселелер қоршаған ортаны қорғау...«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Алматы қаласы
Бүгінде көркімен әдемі, табиғаты да өте керемет, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...14 наурыз – Көрісу күні
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.