Сайтқа кіру Тіркелу

Тәуелсіздіңтің ақ таңы

Тәуелсіздіңтің ақ таңы
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіздік – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстанымыздың тәуелсіздік бесігінде тербеліп жатқанына 32 жыл. Келешек ұрпақ үшін өзін құрбан еткен, елі мен жері үшін қасқайып тұрып қаза болған боздақтарымыздың арқасында бүгінгідей бейбіт ғұмыр кешіп жатқанымызды ешқашан естен шығармағанымыз жөн. «Еліңді қаншалықты сүйсең, соншалық ерлік жасайсың»- деген жақсы сөз бар дана халқымызда. Кешегі Керей мен Жәнібектен басталған ұлы тарих, түрлі ұлт азаттық көтерілістер, желтоқсан оқиғасымен жалғасып, тәуелсіздігіміздің ақ таңына жетуіне үлесін қосқан батырларымыздың арқасы.
Тәуелсіздіңтің ақ таңы
Өзінің елін шынайы сүйетін нағыз батырлар біздің гимназиямызда да жоқ емес. Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда желтоқсан оқиғасында құрбан болған жандарды еске алып, желтоқсандықтарға құрмет көрсете отырып, елмен жердің қадір қасиетін ұғыну мақсатында «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты әдеби кеш өтті. Кешімізге желтоқсан оқиғасының куәгерлері, мектебіміздің ұстаздары: Шохманова Қуаныш, Иманбаев Қуандық, Сатамбаева Майгүл, Узақова Данагул, Сейлханова Ғалия, Тайжанова Ләззат ұстаздарымыз желтоқсан оқиғасын еске алып, естеліктерімен бөлісті. Кеш қонақтарына құрмет көрсетіліп, мектеп оқушыларының өнерлерімен жалғасты.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×