
Бүгінгі таңда елімізде тек айтулы Көрісу күні, Наурыз мейрамы секілді мерекелерді есептемегенде, күнделікті өмірде ұлттық нақыштағы киімдерімізді кие бермейміз. Ұлттық киім – көненің көзі, бізге жеткен материалдық мәдениеттің жетістігі. Қазақ халқының ұлттық киімі – ұрпақтан - ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын, сәндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдікке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс. Оның қай - қайсымыздың болса да, ұлттық мақтаныш сезімімізді оятатыны белгілі.
Ұлттық киім – ұлт бейнесі. Осы орайда «Ұлттық киім – халық қазынасы» атты іс - шарасы арқылы жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы қазақтың ұлттық киімдерін өскелең ұрпаққа насихаттауды мақсат етуді жөн санады. Алдағы уақытта бұл үрдіс аптаның әр жұмасында https://farabi. university/ жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында жаңданып отыратын болды. Осылайша тарихи бай мәдени мұрамызды жастар жадында мәңгі қалдырып, ұрпақтан ұрпаққа аманат етпекпіз. Қазақ халқының ұлттық киімі өзге ұлттардан өзгеше, ерекше өзіндік қасиетке толы екені рас.
Аталмыш іс - шараға әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО - ға оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, факультет құрылымдары, атап айтар болсақ, шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафендрасы, әл - Фараби колледжі, бейіндік мектебінің оқушылары, студенттер, тыңдаушылар мен университет оқытушылары ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт - дәстүрді жаңғырту мақсатында ұлттық нақыштағы киімдер мен әшекейлер тағып ұлт мұрасын ұлықтауда. Жас буын бойына патриоттық рух сыйлай білген, ұлттық нақыштағы қазақи киімдер мен әшекейлерге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Бұл дегеніміз – ұлттығымызды сақтап қалу, ұлттық киімдерімізді кеңінен насихаттау. Тек насихаттау емес, оны күнделікті өмірде киіп жүру.
ЖОО - ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары
Г. М. Мужигова, С. Р. Нұртілеуова, М. П. Ешимов