Сайтқа кіру Тіркелу

Шыңғыс Айтматов ТМД мәдени кеңістігінде

Шыңғыс Айтматов ТМД мәдени кеңістігінде

Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында 2023 жылы 11 - 12 желтоқсанда әлемдік әдебиет классигі, философ және гуманист Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың 95 жылдығына арналған "Айтматов оқулары" атты Халықаралық ғылыми - әдістемелік кеңес өтеді.
Ғылыми форумның ұйымдастырушылары Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті және Б. Н. Ельцин атындағы Қырғыз - Ресей Славян университеті.
Іс - шара "ТМД елдерінің мәдени кеңістігінде және әлемдік көркем мәдениетте Шыңғыс Айтматов шығармашылығына пәнаралық ғылыми - білім беру тәсілдерінің жүйесін әзірлеу" жобасы шеңберінде іске асырылады, оның мақсаты ТМД - ға қатысушы мемлекеттерде жоғары әлеуметтік - гуманитарлық білім беру жүйесін ғылыми - әдістемелік қолдаудың үздік тәжірибелерін сараптамалық талқылау және қорыту болып табылады.
Бішкекте өтетін "Айтматов оқуларына" ТМД елдерінің түрлі қалаларынан жетекші лингвистер, әдебиеттанушылар, философтар, журналистер, мәдениеттанушылар, аудармашылар, тарихшылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.
"Айтматов оқуларының" жұмысына қазақстандық ғалымдар: әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Н. Ж. Шаймерденова, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының әлемдік әдебиет және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі С. В. Ананьева, Astana IT University жалпы білім беру пәндері департаментінің қауымдастырылған профессоры Ж. Д. Маликова, ЖШС "Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектебінің" педагог - зерттеушісі А. А. Амитовалар белсенді қатысады.
Ғылыми форум жұмысы ғылыми, ағартушылық және мәдени үш блок бойынша жүреді.
Сонымен қатар, "Айтматов оқулары" аясында қазіргі заманғы пәнаралық тәсілдер мәнмәтінінде классик мұрасын насихаттауға бағытталған "Ш. Т. Айтматовтың Фразеологиялық әлемі" атты ғылыми - әдістемелік басылымының жаңа редакциясының тұсаукесері өтеді.

Мусабекова Ұ. Е., Саденова А. Е.
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...
Халықаралық ғылыми - әдістемелік конференция өтті

Халықаралық ғылыми - әдістемелік конференция өтті

Жақында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім...
Тағылымы мол халықаралық әдістемелік семинар өтті

Тағылымы мол халықаралық әдістемелік семинар өтті

Семинар бағыты – қазақ, орыс тілдерін шет тіл (екінші тіл ретінде ) ретінде оқыту. Семинарды модератор филология ғылымдарының докторы, доцент Ұ. Е....
Халықаралық әдістемелік семинар өтті

Халықаралық әдістемелік семинар өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының...
Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×