Сайтқа кіру Тіркелу

Д. А. Қонаевтың үй - мұражайына саяхат

Д. А. Қонаевтың үй - мұражайына саяхат

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (www. kaznu. kz) экономика және бизнес жоғары мектебінің 1 курс студенттері Алматыдағы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың үй - мұражайына мен мемориалдық мұражай - пәтеріне саяхат жасап қайтты.
Қонаевтың үй - мұражайына саяхат жасаудың басты мақсаты студенттердің танымдық көзқарастарын, ой - өрістерін, дүниетанымдарын кеңейту, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, патриоттық сезімдерін ояту.
Қазақ елі үшін аянбай еңбек етіп, қазақ елінің дамуына ерекше үлес қосқан, өткен ғасырда «Ғасыр саңлағы» атанған аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ халқының бір туар азаматының өмірімен танысу, оның өмірлік ұстанымдарын зерттеу – әрбір қазақтың парызы болып табылады.
Қазіргі күні мұражайға айналған үйде Дінмұхамед Ахметұлының жекелеген заттары, техникалық, анықтамалық және көркем әдебиеттер, өнер жөніндегі альбомдар, авторлардың жекелей қолтаңбасы жазылған кітаптары, жиһаздар, тұрмыстық заттар, мерейтойларына арналған көптеген сыйлықтар мен экспонаттар, басқа да әр алуан заттар бар. Аталған заттарды мұражайға Дінмұхамед Ахметұлының немере інісі Диар Асқарұлы Қонаев табыс етіпті. Үй - мұражай мұрағатында 5 мыңнан астам кітаптар бар. Оның көпшілігі Кеңес үкіметі кезіндегі алуан түрлі басылымдар. Олардың арасында Еуропа баспаларында басылған және кеңестік кезеңдегі кітап сөрелерінен кездеспейтін басылымдар да бар.
Экскурсия барысында студенттер Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы тың мәліметтермен танысып қайтты.
Заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту аясында ұлттық мəдениетпен, қасиетті рухани құндылықтармен таныстыру арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді жастарға, студенттерге дәріптеу. Оларды ұлттық мәдениетімізді құрметтеуге тәрбиелеуде саяхаттың берері мол болды.

Өзенбек Е. Р.
Тарих факультетінің 1 - курс магистранты
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Танымдық бағыттағы шаралардың ерекшелігі

Танымдық бағыттағы шаралардың ерекшелігі

Шетелдік жастар қара шаңырақ әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде бір үйдің...
Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі

Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі

Ғылымға баулуда, білім беруде және жас ұрпақты тәрбиелеуде жоғары оқу орындарының орны ерекше....
Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар

Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің биыл білім әлемінде желкен керіп келе жатқанына...
Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...
Д.А.Қонаев ғасырдың дара перзенті

Д.А.Қонаев ғасырдың дара перзенті

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы Д. А. Қонаевтың өмірі мен қызметімен таныстыра отырып, Д. А. Қонаевтың мемлекет...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×