Біздің өміріміздегі әлеуметтік желінің рөлі
Әлеуметтік желі - бұл біздің күнделікті өмірімізде таптырмайтын платформалар. Әлеуметтік желілердің басты мүмкіндіктерінің бірі - бізден алыс достарыңызбен және жақындарыңызбен байланысу мүмкіндігі, сонымен қатар, өз ойларымыз бен идеяларымызбен бөлісу, жаңа достар мен серіктестер табу, өзімізді дамыту, табыс табу мүмкіндігі. Бірақ та, осы әлеуметтік желілерден төнетін қауіп - қатерлер де жеткілікті екенін естен шығармауымыз керек.
Осы тақырып бойынша 2023 жылдың 19 сәуір күні Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Стандарттау және сертификаттау (ҰЗО АТМО)», «Техникалық физика (ҰЗО АТМО)» мамандығының 1 курс студенттері «Біздің өміріміздегі әлеуметтік желінің рөлі: мүмкіндіктері мен тәуекелдері» тақырыбында 3 - курс студенттеріне ашық тәрбие сабағын өткізді.
Әлеуметтік желілерде қауіпсіз және этикалық мінез - құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатындағы ашық сабақта жаңартылған бағдарлама аясында жаңа инновациялық педагогикалық тәсілдер қолданылды. Студенттердің белсенділіктерін арттыру мақсатында SWOT - талдау әдісі, ми шабуылы әдісі қолданылып, түрлі іскерлік ойындар ойнатылды. Студенттер әлеуметтік желілердің күшті және әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдап, өз ойларын ортаға салды. Осыған байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар жасалынып, талқыға түсті және тақырып бойынша бірнеше қорытынды ой жасалынды.
Жалпы, әлеуметтік желілер біздің өмірімізде үлкен рөл атқарады және көптеген мүмкіндіктер мен тәуекелдерді ұсынады. Теріс салдарды болдырмау және оларды қолданудан барынша пайда алу үшін оларды сақтықпен және жауапкершілікпен пайдалану маңызды. Ең бастысы, біз, әлеуметтік желілерде өткізетін уақытты шектеп, тәуелділік пен денсаулыққа байланысты мәселелерді болдырмау үшін нақты өмірдегі қарым - қатынастар туралы ұмытпауымыз керек.
Советова Алуа Саянқызы,
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің
стандарттау және сертификаттау мамандығының
1 - курс магистранты
Біздің өміріміздегі әлеуметтік желінің рөлі
- ramuk_b
- 24 сәуір 2023
- 613
- 0
- 0
Ілмек сөздер: әлеуметтік желі, пайдасы мен зияны, байланысу мүмкіндігі
Ұқсас жаңалықтар:
Жоғарғы оқу орнында студенттер мен магистранттарға берілетін тәрбиенің маңы ...
Тәрбие - тұлғаны әлеуметтік - мәдени нормативті үлгілерге сәйкес қоғамдық және мәдени өмірге қатысуға дайындау мақсатында оны мақсатты түрде...Зерттеу жұмысын жазу кезіндегі мәліметтерді алу мүмкіндіктері
Диссертациялық жұмыс қазіргі ғылым үшін практикалық маңызы бар студенттің өзіндік жұмысының нәтижесі болып табылады....Әлеуметтік теңсіздікті жою
Теңсіздікті жою және ешкімнің назардан тыс қалмауын қамтамасыз ету тұрақты даму мақсаттарына жету процесінің ажырамас бөлігі болып табылады....Шетелдік студенттермен тәрбие жұмысының ерекшеліктері
Басқа елдерден Қазақстанға оқуға келетін шетелдік азаматтар университетте болған алғашқы күндерінен бастап олар үшін таныс емес әлеуметтік - мәдени,...Құдайға құлшылық пен ғұрыптар: авраамдық діндердегі діни күйлер
2018 жылдың 28 қарашасында «6M020600 Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Касаинова К.Е. педагогикалық практика аясында «Құдайға құлшылық пен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.