Менің студенттік өмірім
Студенттік өмір - бұл өмірдегі ең жарқын және қызықты кезең, жаңа мүмкіндіктердің уақыты, өз ортаңды тауып, дамитын шақ. Күн сайын жаңа нәрсені үйренуге, адамдарды тануға, ғылымды үйренуге, айналаңыздағы әлемді білуге мүмкіндік. Әрбір мектеп бітіруші болашақ университет, мамандығы жайлы ойланады. Алматы - Қазақстанның студенттік астанасы болып саналуы жәйдан - жай емес деп санаймын. Қалада 50 - ден астам университеттер кезде-седі, халықтың басым бөлігі - арман қуып келген студенттер. Менің таңдауым Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түскеніме қатты қуаныштымын. ҚазҰУ - еліміз бойынша бірінші дәрежедегі ұлттық университет, білім мен тәрбие элитасын қалыптастырушы, ұлт болашағын өсіруші киелі мекен. Университет артықшылықтарын атап өтетін болсақ - бізге білім алу, спортпен шұғылдану және жастардың бос уақытын ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалған. ҚазҰУ - дағы студенттік өмір өте қызықты. Студенттердің шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін Ө. А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы жұмыс істейді. "Ана тілі аруы - жігіт сұлтаны ", " Сұңқар кубогы", " КазҰУ аруы","Студенттік көктем"," ҚазҰУ студиясы" және т. б. сияқты түрлі қоғамдық және мәдени іс - шаралар өткізіледі. «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында әрбір студент медициналық, заңгерлік, оқу - ағартушылық және мәдени көңіл - көтеру қызметтерін ала алады. Бұл бірнеше студентке өте маңызды орталықтар біріккен ерекше мекен. Сонымен қатар, студенттердің белсенді өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін факультетішілік клубтар мен бірлестіктер бар. ҚазҰУ қоғамдық өмірі өте мазмұнды және алуан түрлі. Әр маманның белсенді өмірлік ұстанымын, патриоттық рухын, оптимистік дүниетанымын қалыптастыру университет пен факультет деңгейінде қабылданған бағдарламалар мен жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.
Менің өмірім университетке түскелі түбегейлі өзгерді десем болады. ҚазҰУ - білім мен студенттік өмірді бірге алып жүретін сапалы орта. Бұл ортаға түскенде, өзің дамуға, қозғалыста болып, оқу мен студенттік белсенділікке бірден ілігіп кетесің. Студенттік жатаханалар жөн-деуден өткен, жаңа жиһазбен жабдықталған, жағдайы өте жақсы және бағасы тиімді. ҚазҰУ қалашығының өзі - студенттік өмірдің символы, студенттер қаласы деп айтуға болады.
Студенттік өмір - бұл ашық мүмкіндіктер уақыты, әдемі болашақ туралы армандармен өмір сүру сәттері, барлық тілектерді орындауға деген сенім және барлық есіктердің ашықтығына деген үміт. Тек осы уақыт өмірлік қоржынды біліммен толтырып, ойлау деңгейін дамытуға себепкер болады.
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты У. М. Джолдыбаева
Менің студенттік өмірім
- ramuk_b
- 19 сәуір 2023
- 1767
- 0
- 100
Ілмек сөздер: студенттік өмір, өмірдегі ең жарқын және қызықты кезең
Ұқсас жаңалықтар:
ҚазҰУ – менің мақтанышым
Әр адам жаңа тәжірибелерге, таңғажайып оқиғаларға, күтпеген әрі есте қаларлық оқиғаларға толы қызық шақтарды барынша жарқын және қарқынды өтуі тиіс...Қазақстан республикасы күні - ел мерекесі, оның жетістігі және жаңа жетісті ...
25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Бұл күні 1990 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды....Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір», «Green campus»...Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі
Ғылымға баулуда, білім беруде және жас ұрпақты тәрбиелеуде жоғары оқу орындарының орны ерекше....Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында өткізілген “Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ ”...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.