Сайтқа кіру Тіркелу

«Халық батыры»: А. Имановтың туғанына 150 жыл

«Халық батыры»: А. Имановтың туғанына 150 жыл

Халық батыры Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай іс - шаралар еліміз бойынша кеңінен аталып өтілуде.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетінде 1916 жылғы Торғай уезінде өткен «ұлт - азаттық» көтерілістің бас сардары, теңдік жолындағы күрескер батыр - Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай «Халық батыры Амангелді Иманов» атты әдеби - сазды іс - шара өтті.
Іс - шараның мақсаты: студенттердің бойында отансүйгіштік пен қазақ халқының тарихына деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, қазақ халқының 1916 жылғы ұлттық - азаттық көтерілісін ұйымдастырушы батыр Амангелді Имановтың өмірімен, қайраткерлігімен таныстыру.
Бұл іс - шарада тарих факультетінің деканы, тарих ғыл. докторы Д. Байқонақов бұл шараға сәттілік тілеп, батыр ұрпақтары туралы баяндап берді.
Іс - шара жүргізушісі қазақ халқының батыр ұлы Амангелді Имановтың өмірі мен ерлік істерінің қарапайым жұмыскер халықтың тағдырымен тығыз байланысты болғаны туралы әңгімеледі. А. Иманов Қазақстанда кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысқан, қазақ қоғамының сол замандағы қиындықтарын басынан кешкен патриот тұлға болғаны жайлы ақпарат берілді. Халық батырын есте сақтап, ұрпаққа үлгі ету үшін көптеген көркем шығармалар, мақалалар, картиналар жазылды, фильмдер түсіріліп, Қазақстан қалаларындағы көшелерге Амангелді Имановтың есімі берілгені туралы мәлім етілді. Іс - шара барысында студенттер мен магистранттар А. Иманов туралы архивтен алынған тың деректермен таныстырылды. Ұлт - азаттық көтерілістің көшбасшыларына, соның ішінде А. Имановтың өмірі мен тарихи тұлғасына қатысты ойларын, пайымдарын ортаға салып, пікір алмасты.
Тарих факультетінің магистранттары мен студенттері аталған іс - шараның өтуіне ат салысып, 1916 жылғы көтеріліске арналған «Июнь жарлығы» күйін орындап, өлеңдер оқып, өз өнерлерін көрсетіп, белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
Кафедра меңгерушісінің орынбасары Е. Ноянов тәрбиелік іс - шараны ұйымдастырып жоғары деңгейде өткізгені үшін каыедра профессорлары т. ғ. к. У. М. Джолдыбаева мен Г. Б. Қозғамбаеваға, магистранттар мен студенттерге алғыс білдірді.

Джолдыбаева У. М.
т. ғ. к., профессор м. а.
Өзенбек Е. Р.
Тарих мамандығының 1 - курс магистранты
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысқа 100 жыл толуына орай

1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысқа 100 жыл толуына орай

Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке,...
Н. Байғанин. Амангелді батырым

Н. Байғанин. Амангелді батырым

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бегжанова Санжан Мертеевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×